User's Guide
Астыңғы жағы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(1) Қызмет көрсету үшін ашатын есік
(моделіне байланысты 1 немесе 2)
Қатты диск орнына, WLAN, WWAN және жад
модульдерінің ұяларына, сондай-ақ SIM карта ұясына
кіруге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТУ: жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін,
сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы
сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік
компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз
модульдермен ауыстырыңыз. Егер молульді орнатып,
одан кейін ескерту хабарын алсаңыз, компьютер
мүмкіндігін қалпына келтіру үшін модульді жойып,
қолдау қызметіне хабарласыңыз.
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында
поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің
белгішесін басыңыз.
(2) SIM карта ұясы немесе құлыптайтын
топсалы қосқыш (тек таңдаулы
өнімдерде)
Сымсыз абонентті анықтау модулі (SIM) картасын
қолдайды. SIM картасының ұясы немесе құлыптайтын
топсалы қосқыш қызмет көрсету үшін ашатын есіктің
астында орналасқан.
(3) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын
қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
Астыңғы жағы 17