User's Guide
Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе офистегі
бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз.
LAN желісіне қосылу үшін 8 істікшелі RJ-45 желілік кабелі немесе қосымша қондыру құрылғысы,
сондай-ақ компьютердегі RJ-45 порты жоқ болса, кеңейту порты қажет етіледі.
Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу
схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
Модемді пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Модем 6 істікшелі RJ-11 модем кабелі арқылы аналогтық телефон желісіне қосылуы керек. Кейбір
елдер мен аймақтарда арнайы модем кабелінің адаптері де қажет болуы мүмкін. Сандық PBX
жүйелерінің ұялары аналогтық телефон ұяларына ұқсас болуы мүмкін, алайда, олар модеммен
үйлеспейді.
Модем кабелін қосу
Модем кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Модемнің кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз.
26 3-тарау Желі қосылымдары