User's Guide

1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату)
утилитасын бастау (67-бет) бөлімін қараңыз.
2. Main (Негізгі), одан кейін System Informationүйе туралы ақпарат) пәрмендерін таңдаңыз.
3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ
бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу)
опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (69-бет) бөлімін қараңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту
файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана
жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша
жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын
жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу және орнату барысында мына нұсқауларды
орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Обновления (Жаңартулар) пәрменін басып, Проверить наличие обновлений и сообщений
(Жаңартуларды және хабарларды тексеру) пәрменін басыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз:
а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен
салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз. Бұл
ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы
мүмкін.
ә. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңартуы жүктеліп алатын қатты дискідегі орынға жолды жазып алыңыз. Сіз
жаңартуды орнатуға дайын болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, әсіресе
жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен байланысыңыз.
Computer Setup пайдалану 69