Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2017 HP Development Company, L.P. Windows – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі. Intel және Core – АҚШ-тағы және басқа елдердегі Intel корпорациясының сауда белгілері. Осы жердегі мәліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен және қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы құжаттағы басқа еш нәрсе кепілдік деп қаралмайды.
Maзмұны 1 Кіріспе ......................................................................................................................................................... 1 Ескертулер мен сақтандырулар ......................................................................................................................... 1 Міндеттеріңіз ........................................................................................................................................................ 2 Жүйе талаптары .
iv
1 Кіріспе Optane жады — 7-буын Intel® Core™ процессорлы компьютерлерде SATA жад құрылғысымен (қатты диск) пайдаланылғанда жүйе өнімділігін арттыратын M.2 модулі. Intel Optane жады туралы толық ақпарат алу үшін, www.intel.com/support/optane-memory сілтемесіне өтіңіз. Ескертулер мен сақтандырулар АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осы нышанмен белгіленген жабдықтың кез келген беті немесе аумағы электр тогының соғу қаупі бар екенін көрсетеді.
Міндеттеріңіз Өнімнің пайдалануға сәйкес келетінін және басқа жабдықпен ақаусыз не зақымсыз байланысатынын анықтауға жауаптысыз. Сонымен қатар өнімді орнатудан бұрын деректердің сақтық көшірмесін жасауға және өнімді орнатқаннан кейін деректердің сақтық көшірмесін қалыпты түрде жасап отыруға жауаптысыз. HP компаниясы кез келген өнімді пайдаланудан орын алатын жабдықтың зақымдалуына немесе деректердің жойылуына жауапты емес.
2 Жад модулін компьютерге орнату Модульді орнату процедурасы компьютер моделіне байланысты әртүрлі болады. Егер осы орнату үшін компьютер үлгісін дайындауда көмек қажет болса, компьютермен бірге жеткізілген құжаттаманы қараңыз немесе үлгіңіздің нұсқаулығын табу үшін, http://www.hp.com/support сілтемесіне кіріңіз. M.2 қосқыштары бар модельдер ЕСКЕРТПЕ: Жүйелік тақтада екі M.2 қосқышы бар болса, ықтимал электромагниттік кедергінің алдын алу үшін, екінші M.2 қосқышына жад модулін орнатыңыз.
M.2 қосқыштары жоқ модельдер Модульді PCIe тасушы картасына орнатып, тасушы картаны x4 кеңейтім ұясына орнатыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: 1. Тасушы картасын x16 кеңейтім ұясына орнатпаңыз. Модульді PCIe тасушы картасына орнатыңыз. а. Модульді M.2 қосқышына (1) енгізіп, содан кейін бұранданы модульдегі ұяшыққа енгізіңіз (2). МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұрандадағы ұяшық модульге қарап тұруы керек, сонда бұранда модульге толық енгізіледі. ә. 2. 4 Модульді төмен қарай (3) бұрап, бұранданы қатайтыңыз (4).
3 Intel Optane бағдарламалық құралын орнату Бұл бөлімде Intel Optane жад бағдарламасы мен драйверін компьютерге орнату процесі сипатталған. Optane жадын іске қосу үшін, Setup Utility қолданбасын пайдалану қажет. Setup Utility бөлімінде Optane жадын іске қосқаннан кейін, оны Intel RST бағдарламалық құралында іске қосу керек. ЕСКЕРТПЕ: Жүйелік тақта Intel Optane жады мен бағдарламалық құрал драйвері пакетін орнатудан бұрын, BIOS жүйесін 02.06 немесе кейінгі нұсқасына жаңартуды қажет етеді.
5. Іске қосу түймесін басыңыз. 6. Іске қосу процесі аяқталғаннан кейін, компьютерді қайта жүктеңіз. Жүйе қайта іске қосылғаннан кейін, орнату қауіпсіз режимде жалғасады. Орнату аяқталғанда, жүйе қайта іске қосылады. Енді Intel Optane жад бағдарламасын пайдалануға болады. Intel RST драйверін амалдық жүйенің Қалпына келтіру кескініне орнату Ағымдағы Microsoft Intel Rapid Storage Technology драйвері Intel Optane жадын қолдамайды.
● Windows кескінін орнатыңыз: dism /mount-image /imagefile:install.wim / index:2 /mountdir:windows ● Intel Rapid Storage Technology драйверлерін Windows кескініне қосыңыз: dism / image:windows /add-driver /driver:drivers /forceunsigned /recurse ● Windows Recovery Image орнатыңыз: dism/mountimage/imagefile:c:\Win10USB \windows\windows\system32\recovery\winre.
4 Optane жад бағдарламасын пайдалану Іске қосу қателері Бастау мәзіріндегі Память Intel Optane (Intel Optane жады) бөлімін таңдау арқылы бағдарламаны ашуыңызға болады. Бұл бөлімде компьютер Intel Optane жадын іске қосуға дайын болмаған жағдайда орын алуы мүмкін болған қате үлгілері қамтылған. Қате Себебі мен шешімі Жүйеңіз — Intel Optane Ready жады Компьютеріңізде Intel Optane жад модульдері анықталмады. Модульді енгізіп, әрекетті қайталаңыз.
5 Intel Rapid Storage Technology драйвері бар Intel Optane жадын пайдалану Intel Optane жадын іске қосу Intel Rapid Storage Technology бағдарламасының көмегімен Intel Optane жадын іске қосу үшін, Intel Rapid Storage Technology бағдарламасын ашып, Память Intel Optane (Intel Optane жады) қойындысын басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Память Intel Optane (Intel Optane жады) қойындысы Intel Rapid Storage Technology 15.5 не кейінгі нұсқаларының бағдарламалық құралында ғана көрсетіледі. 1. Іске қосу түймесін басыңыз. 2.
6 Ақаулықтарды жою Бұл бөлімде Intel Optane жад бағдарламасы мен драйверін орнату барысында орын алуы мүмкін болған қате үлгілері қамтылған. Бұл қателер бойынша қосымша ақпарат және анықтама алу үшін, www.hp.com/support сілтемесі арқылы қолдау қызметіне хабарласыңыз. Қате Себебі мен шешімі Қолдау көрсетілмеген CPU Intel Optane жады 7-буын Intel Core немесе кейінгі процессорды қажет етеді.