User's Guide

5. Іске қосу түймесін басыңыз.
6. Іске қосу процесі аяқталғаннан кейін, компьютерді қайта жүктеңіз.
Жүйе қайта іске қосылғаннан кейін, орнату қауіпсіз режимде жалғасады. Орнату аяқталғанда,
жүйе қайта іске қосылады. Енді Intel Optane жад бағдарламасын пайдалануға болады.
Intel RST драйверін амалдық жүйенің Қалпына келтіру
кескініне орнату
Ағымдағы Microsoft Intel Rapid Storage Technology драйвері Intel Optane жадын қолдамайды.
Сондықтан амалдық жүйе кескіні зақымдалып (мысалы: қатты дисктің зақымдалуы, файлдың бүлінуі,
файлдардың болмауы), Windows қалпына келтіру процесі енгізілсе, операциялық жүйе қалпына
келтіру кескіні/құралдары Intel Rapid Storage Technology драйверінің 15.5 немесе кейінгі нұсқасын
қамтуы керек. Intel Optane орнатудан бұрын, осы драйверді амалдық жүйе қалпына келтіру кескініне/
құралдарына енгізуге болады.
Қажеттіліктер:
Windows Assessment және Deployment Kit (ADK) орнатылған
Windows 10 64 биттік кескіні
Windows 10 Spring 2017 Creator’s Update (1703)
Intel Rapid Storage Technology бағдарламалық құралы мен драйвері, www.hp.com/support
сілтемесінде қолжетімді 15.5 немесе кейінгі нұсқасы
Орнатуға арналған USB флэш жады
Драйверді орнату үшін:
1. Windows 10 амалдық жүйесінің кескінінен жүктелмелі USB флэш жадын жасаңыз.
2. Жергілікті компьютерде (мысалы, C:\Win10USB) уақытша жұмыс каталогын жасаңыз.
3. Жұмыс каталогында Windows, Winre және Drivers деп аталатын үш ішкі каталог жасаңыз.
4. Intel Rapid Storage Technology драйверін Drivers ішкі каталогына шығарыңыз.
5. Windows 10 USB флэш жадындағы install.wim файлын флэш жадындағы Sources каталогынан
жұмыс каталогына (мысалы, C:\Win10USB) көшіріңіз.
6. Барлық қалталар мен жетектеушіні жабыңыз.
7. Әкімші ретінде пәрмен сұрауын ашып, жұмыс каталогына өзгертіңіз (мысалы, cd C:
\Win10USB
).
8. Орнатылған Windows 10 нұсқасы негізінде қай индекс нөмірін өзгертуді анықтаңыз. Windows 10
нұсқасына сәйкес келетін индексті таңдаңыз.
Индексті анықтау үшін, dism /get-wiminfo /wimfile:install.wim пәрменін іске
қосыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл мысал 2 индексін өзгертеді. Қосымша нұсқаларды өзгерту
қадамдарын қайталауға болады.
9. Төмендегі пәрмендерді іске қосу арқылы install.wim файлын өзгертіңіз:
6 3-тарау Intel Optane бағдарламалық құралын орнату