User's Guide
1 Кіріспе
Optane жады — 7-буын Intel® Core
™
процессорлы компьютерлерде SATA жад құрылғысымен (қатты
диск) пайдаланылғанда жүйе өнімділігін арттыратын M.2 модулі. Intel Optane жады туралы толық
ақпарат алу үшін, www.intel.com/support/optane-memory сілтемесіне өтіңіз.
Ескертулер мен сақтандырулар
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осы нышанмен белгіленген жабдықтың кез келген беті немесе аумағы электр
тогының соғу қаупі бар екенін көрсетеді. Электр тогының соғуынан жарақат алу қаупін азайту үшін,
осындай белгісі бар кез келген жабық аумақты ашпаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Адамға қатты жарақат келтіру қатерін азайту үшін Қауіпсіз және қолайлы жұмыс
жасау нұсқаулығын оқыңыз. Ол пайдаланушылар џшін дђрыс жђмыс орнын тењшеуді жѕне дђрыс
орнатуды, денсаулыќ пен жђмыс даѓдыларын сипаттайды. Бұл Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау
нұсқаулығында маңызды электр және механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын
қауіпсіздік ережелері де беріледі. Бұл нұсқаулық http://www.hp.com/ergo мекенжайында және
құжаттама ықшам дискісінде орналасқан (егер өніммен бірге берілген болса).
ЕСКЕРТУ: Осы нышанмен белгіленген жабдықтың кез келген беті немесе аумағы ыстық беттер
немесе құрамдас бөлшектер бар екенін көрсетеді. Бұл бетке тисеңіз, жарақат алу қаупі бар. Ыстық
құрамдас бөлшектерден жарақат алу қаупін азайту үшін, оны ұстаудан бұрын салқындауын күтіңіз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Статикалық электр қуаты компьютердің электр бөлшектеріне зақым келтіруі
мүмкін. Бұл процедураларды бастамас бұрын, жерге тұйықталған металл нысанды түртіп, статикалық
электр қуатын өшіріңіз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютерге зақым келуінің алдын алу үшін, жүйелік бөлшектерді алу және
ауыстыру процедуралары барысында келесі Электрстатикалық разряд (ESD) сақтық шараларын
орындаңыз:
●
Антистатикалық алашада жұмыс істеңіз.
●
Барлық жиналған электростатикалық заряд денеңізден жерге өтуі үшін, статикалық белдікті
киіңіз.
●
Антистатикалық алашаны, статикалық белдікті және сыртқы құрылғыларды жұмыс істеп жатқан
жабдықтың сол бөлшегіне жалғау арқылы жабдыққа арналған ортақ жерге тұйықтау желісін
жасаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP керек-жарақтары HP компьютер өнімдерінде пайдалануға арналған. Олар мұқият
сынақтан өтіп, жоғары сапалы стандарттарға сай өндірілген.
Ескертулер мен сақтандырулар 1