User's Guide
3 Intel Optane бағдарламалық құралын
орнату
Бұл бөлімде Intel Optane жад бағдарламасы мен драйверін компьютерге орнату процесі сипатталған.
Optane жадын іске қосу үшін, Setup Utility қолданбасын пайдалану қажет. Setup Utility бөлімінде
Optane жадын іске қосқаннан кейін, оны Intel RST бағдарламалық құралында іске қосу керек.
ЕСКЕРТПЕ: Жүйелік тақта Intel Optane жады мен бағдарламалық құрал драйвері пакетін орнатудан
бұрын, BIOS жүйесін 02.06 немесе кейінгі нұсқасына жаңартуды қажет етеді. Өнімнің ең соңғы BIOS
нұсқасын табу үшін, www.hp.com/support сілтемесіне өтіп, өнімді табу және жүктеп алынған
файлдардың орнын анықтау үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Setup Utility бөлімінде Intel Optane жадын іске қосу үшін:
1. Баптау бөліміне кіру үшін, компьютерді қайта іске қосу және F10 пернесін қайталап басу арқылы
Setup Utility бөліміне өтіңіз.
2. Расширенный (Кеңейтілген) > Параметры системы (Жүйе опциялары) тармағын таңдап,
Настроить контроллера устройств хранения Intel Optane (Intel Optane жад контроллерін
теңшеу) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Optane жадын BiosCongUtility.exe немесе WMI BIOS параметрлері пәрмендері
арқылы бағдарламалық түрде теңшеуге болады.
3. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Intel Optane жүйе жылдамдатқышы орнатылғаннан кейін, BIOS жүйесін 02.06
нұсқасынан алдыңғы нұсқасына қайта орнату Intel Optane жүйе жылдамдатқышын өшіріп, жүйеңіздің
жүктелуіне жол бермеуі мүмкін.
Intel RST бағдарламалық құралын және драйверін орнату
Бұл бөлімде Intel RST пайдаланушы интерфейсі бар Intel Optane жадын орнату және баптау
қадамдарын қарап шығылған.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарламалық құрал мен драйверді орнатудан бұрын, BIOS жүйесін 02.06
нұсқасына жаңартыңыз.
1. http://www.hp.com/support сілтемесіне өтіп, ең соңғы Intel Rapid Storage Technology
бағдарламалық құралы мен драйверін таңдаңыз.
2. setupRST.exe файлын іске қосып, әдепкі мәндерді орнатыңыз.
3. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
4. Windows жұмыс үстелінен Intel RST пайдаланушы интерфейсін іске қосып, Память Intel Optane
(Intel Optane жады) қойындысын басыңыз. Status беті ашылады.
Intel RST бағдарламалық құралын және драйверін орнату 5