User's Guide
*
Бұл интерфейс екі VGA, екі DVI немесе екі DP мониторларын қолдайтын қос монитор графикалық интерфейс картасы болып
табылады.
ЕСКЕРТПЕ: DisplayPort қосылымдарының өнімділігі өте жақсы болады; VGA қосылымдары ең төмен
өнімділікке ие.
Мониторды қосу талаптарын анықтау
Төменде мониторларды қосуға арналған көптеген сценарийлер берілген. (Әр түрлі графикалық карталар
туралы қосымша ақпаратты Графикалық карталарды монитор қосқыштарына сәйкестендіру (14-бет)
бөлімінен табыңыз):
●
DisplayPort шығыс қосқышы бар графикалық карта — Графикалық картада төрт DisplayPort
шығыс ұяшықтары болса, мониторды әрбір ұяшыққа қосуға болады. Қажет болса, сәйкес
адаптерлерді пайдаланыңыз.
●
DVI шығыс қосқышы бар графикалық карта — Сізде екі DVI шығыс ұяшығы бар графикалық
карта болса, мониторды әрбір ұяшыққа қосуға болады. Қажет болса, сәйкес адаптерлерді
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тек бір DVI портына ие модельдер әрқашан екінші графикалық шығыс опциясына
(DisplayPort немесе VGA) ие болады.
Көптеген графикалық карталарда екіден көп мониторға қосу ұялары болады, бірақ мүмкіндіктері бір
уақытта тек екі монитор қосумен ғана шектеледі. Графикалық карта құжатына жүгініңіз немесе
картадан Графикалық карталарды монитор қосқыштарына сәйкестендіру (14-бет) бөліміндегі
процедураға сай ақпаратты іздеңіз.
Екі DVI байланысы бар жүйеде 1-портты анықтау қажет болса, ол бастапқы дисплейді қамтамасыз
етеді, ол жерде жүйе өшіріліп, қайта іске қосылғаннан кейін, BIOS POST экраны көрсетіледі. BIOS
параметрлерін өзгертпесеңіз, BIOS POST барысында тек бір карта пайдаланылады.)
●
VGA және DL-DVI шығысы бар графикалық адаптер — Жұмыс станциясында PCIe графикалық
картасы болмай, бір немесе бірнеше SVGA және/немесе DL-DVI шығыс қабылдау бөліктері болса,
мониторды әр шығысқа жалғауға болады.
●
DMS-59 шығыс қосқышы бар графикалық карта — Жұмыс бекетінде DMS-59 шығысы бар PCIe
графикалық картасы болса, мониторларды қосу үшін, сәйкес адаптерді пайдаланыңыз.
DMS-59 шығысын екі DVI немесе екі VGA мониторына жалғау үшін адаптерлер бар.
Мониторларды қосу және теңшеу
ЕСКЕРТПЕ: Қолдайтын графикалық карталары әдетте мына бөлімде көрсетілгендей кемінде екі
мониторды қолдайды; кейбір қолдау көрсетілетін карталар көбірек мониторларды қолдайды. Толық
мәліметтерді графикалық карта құжатынан қараңыз.
1. Монитор кабелінің адаптерлерін жұмыс станциясына жалғаңыз (қажет болса), одан кейін тиісті
монитор кабельдерін адаптерлерге немесе тікелей графикалық картаға жалғаңыз.
Мониторларды қосу 15