User's Guide

2. Монитор кабельдерінің екінші ұштарын мониторларға жалғаңыз.
3. Монитор қуат кабелінің бір ұшын мониторға жалғап, екінші ұшын АТ розеткасына қосыңыз.
4. Мониторды реттеңіз. Мәлімет алу үшін Microsoft анықтамасын немесе http://www.microsoft.com
қараңыз.
Linux жүйесінде мониторды орнату үшін әдетте сызбалық карталарының параметрлер құралын
пайдалануға болады (мысалы, NVIDIA nvidia-параметрлері немесе AMD Catalyst басқару орталығы).
Кейбір соңғы Linux шығарылымдарында терезе реттеушісі жүйесінің (мысалы, Gnome 3)
теңшелімдерін де өзгерту керек.
Үшінші тарап графикалық конфигурация қызметтік бағдарламасын
пайдалану
Үшінші тарап графикалық карталарында монитор параметрлерін реттеу қызметтік бағдарламасы болуы
мүмкін. Орнатылған соң, бұл қызметтік бағдарлама Windows жүйесіне бекітіледі. Бұл қызметтік
бағдарламаны таңдап, жұмыс станциясына көптеген мониторлар параметрлерін реттеуге болады.
Толық мәліметтерді графикалық картаңыздың құжатынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үшінші тарап параметрлерді реттеу қызметтік бағдарламалары параметрлерді
реттеу құралын пайдаланбас бұрын мониторларды Windows жүйесінде іске қосуды талап етеді. Қосымша
ақпаратты графикалық карта құжатынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Монитор параметрлерін реттеу қызметтік бағдарламаларын HP қолдау көрсету веб-
торабынан да табуға болады.
Монитор дисплейін теңшеу (Windows)
Монитор моделін, жаңарту жиілігін, экран ажыратымдылығын, түс параметрлерін, қаріп өлшемдерін
және қуатты басқару параметрлерін таңдауға немесе өзгертуге болады.
Windows 7 жүйесінде дисплей параметрлерін өзгерту үшін, жұмыс үстеліндегі бос аймақты
тінтуірдің оқ жақ түймесімен басып, Экран ажыратылымдығы опциясын басыңыз.
Windows 10 жүйесіне арналған дисплей параметрлерін өзгерту үшін тапсырмалар тақтасының іздеу
жолағына басқару панелі сөздерін теріп, Басқару панелі бөлімін таңдаңыз. Алдымен Көрінісі
және жекелеу
, Дисплей бөлімдерін таңдаңыз.
Дисплей параметрлерін реттеу туралы қосымша ақпаратты келесі ресурстардан қараңыз:
Графикаларды басқарушы қызметтік бағдарламасымен берілген электрондық құжаттама
Құжаттама монитормен бірге беріледі
16 3-тарау Жұмыс станциясын орнату