User's Guide

4 Windows 7 жүйесін орнату, сақтық
көшірмесін жасау және қалпына келтіру
Бұл тарау Windows 7 операциялық жүйесін орнату және жаңарту туралы ақпарат береді. Ол мына
тақырыптарды қамтиды:
Windows 7 операциялық жүйесін орнату
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін қалпына келтіру
ЕСКЕРТУ: Операциялық жүйесін орнату сәтті аяқталғанша компьютерге қосымша құрылғыларды
немесе үшінші тарап құрылғыларын қоспаңыз. Құрылғы қосу қателер тудыруы және операциялық
жүйесінің дұрыс орнатылуына кедергі келтіруі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Операциялық жүйені орнатқаннан кейін соңғы BIOS, драйверлер және бағдарламалық
құрал жаңартулары жұмыс станциясында орнатылғандығын тексеріңіз. Жұмыс станциясын жаңарту
(40-бет) бөлімін қараңыз.
Windows 7 операциялық жүйесін орнату
ЕСКЕРТУ: Орнату басталған соң, үрдіс аяқталғанша жұмыс станциясын өшірмеңіз. Орнату кезінде
жұмыс станциясын өшіріп тастасаңыз, орнату үрдісіне кедергі келтіруі және жұмыс жүйесіне зақым келуі
мүмкін.
Толық орнату және конфигурация нұсқауларын алу үшін http://windows.microsoft.com/en-US/windows7/
help сілтемесіне өтіңіз. Операциялық жүйені сәтті түрде орнатқаннан кейін қосымша ақпарат Windows 7
онлайн анықтамасында қол жетімді болады.
Құрылғы драйверлерін орнату немесе жаңарту
Жабдық драйверлерін орнатудан бұрын тиісті құрылғы драйверлерін орнату керек. Әрбір құрылғымен
берілген орнату нұсқауларын орындаңыз. Оңтайлы жұмыс өнімділігіне қол жеткізу үшін операциялық
жүйеде ең соңғы жаңартулар, патчтар мен қызмет бумалары болуы тиіс. HP жарамды драйверлерін алу
үшін http://www.hp.com сілтемесіне өтіңіз. Қосымша драйвер және бағдарлама құрал жаңартуы туралы
ақпарат алу үшін Жұмыс станциясын жаңарту (40-бет) қараңыз.
Файлдар мен параметрлерді тасымалдау
Windows операциялық жүйесі файлдар мен деректерді таңдап, бір Windows негізіндегі жұмыс
станциясынан басқасына тасымалдауға көмектесетін деректерді көшіру құралдарын ұсынады.
Бұл құралдар туралы ақпаратты мына веб-тораптан қараңыз: http://www.microsoft.com.
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7
жүйесін қалпына келтіру
Жұмыс бекетіңізде HP және Windows компаниясы жабдықтаған ақпаратыңызды қорғайтын және қажет
кезінде алып шығуға болатын аспаптар мен жұмыс жүйесі бар. Бұл аспаптардың қарапайым қадамдары
арқылы жұмыс бекетін қалыпты жұмыс күйіне, тіпті зауыттағы түпнұсқа күйіне қайтаруға болады.
18 4-тарау Windows 7 жүйесін орнату, сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру