User's Guide
5 Windows 10 жүйесін орнату, сақтық
көшірмесін жасау және қалпына келтіру
Бағдарламалық құралды белсендіру және теңшеу
Қосымша мәліметтер операциялық жүйені орнатқаннан кейін онлайн анықтамада қол жетімді болады.
ЕСКЕРТУ: Қажетті ауға ағынын қамтамасыз ету үшін құрылғының артқы жағы мен монитордың
үстінде 10,2 cм (4 дюйм) саңылау қалдырыңыз.
Windows операциялық жүйесін бастапқы орнату
Компьютерді алғаш рет қосқанда операциялық жүйе автоматты түрде орнатылып, белсендіріледі. Бұл
процесс шамамен 5-10 минут алады. Windows бастапқы орнатуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды
мұқият оқып, орындаңыз.
Маңызды бағдарламалық құрал жаңартуларын қабылдау, қолдау көрсету сұрақтарын жеңілдету және
арнайы ұсыныстарға тіркелу үшін операциялық жүйені орнату барысында компьютеріңізді HP арқылы
тіркеуді ұсынамыз.
ЕСКЕРТУ: Орнату процесі басталғаннан кейін ПРОЦЕСС АЯҚТАЛМАЙЫНША КОМПЬЮТЕРДІ
ӨШІРМЕҢІЗ. Орнату барысында компьютерді өшіру компьютерді жүргізетін бағдарламалық құралды
зақымдайды немесе оның дұрыс орнатылуына жол бермеуі мүмкін.
Монитор дисплейін теңшеу
Қаласаңыз, монитор жаңарту жиілігін, экран ажыратымдылығын, түс параметрлерін, қаріп өлшемдерін
және қуатты басқару параметрлерін таңдауға немесе өзгертуге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін графиканы басқару бағдарламасымен бірге берілетін желілік құжаттаманы
немесе монитормен бірге келген құжаттаманы қараңыз.
▲
Windows жұмыс үстелін тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, дисплей параметрлерін өзгерту үшін
Жекелеу немесе Экран ажыратымдылығы түймесін басыңыз.
– немесе –
Іске қосу белгішесін, Парамертрлер белгішесін, содан кейін Жекелеу белгішесін басыңыз.
Компьютерді өшіру
Компьютерді дұрыс өшіру үшін алдымен амалдық жүйенің жұмысын аяқтаңыз.
▲
Іске қосу белгішесін, Қуат белгішесін басыңыз, содан кейін Өшіру опциясын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасынан параметрлер сөзін теріп, Параметрлер опциясын таңдаңыз, өшіру
сөзін теріп, Компьютерді өшіру түймесін басыңыз.
Бағдарламалық құралды белсендіру және теңшеу 23