User's Guide
HP PC Hardware Diagnostics пайдалану
HP PC Hardware Diagnostic (HP ДК құралын диагностикалау) құралдары құрылғы мәселелерін
диагностикалау процесін оңайлатады және мәселелер табылған кезде қолдау процесін жылдамдатады.
Бұл құралдар ауыстырылуы керек құрамдасты ғана көздей отырып, уақытты үнемдейді.
●
Құралдың нақты ақаулықтарын жою: Диагностикалау процесі амалдық жүйеден тыс жұмыс
істейді, осылайша ол амалдық жүйе немесе басқа бағдарламалық құрамдастар себеп болған
мәселелерден туындаған ақаулықтарды тиімді түрде жояды.
●
Ақаулық идентификаторы: Құралды ауыстыруды қажет ететін ақаулық табылса, 24 сандық
ақаулық идентификаторы шығады
. Сосын осы идентификаторды қолдауды немесе қосалқы
бөлшектер жеткізуді ұйымдастыратын қоңырау операторына беруге болады.
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасына кіру әдісі
Диагностикалау мүмкіндігін компьютер параметрлеріне және саулығына қарай үш орынның бірінен іске
қоса аласыз.
1. Компьютерді іске қосып, Esc пернесін BIOS Boot Menu (BIOS іске қосу мәзірі) көрінгенше қайталап
баса беріңіз.
2. F2 пернесін не Diagnostics (F2) (Диагностикалау) опциясын басыңыз.
F2 пернесін басқан кезде жүйеге диагностиканы мына ретпен іздеу сигналы беріледі:
а. Қосылған USB жетегі (диагностикалау құралдарын USB жетегіне жүктеу үшін Windows 10
жүйесін орнату, сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру (23-бет) бөліміндегі
нұсқауларды қараңыз)
ә. Қатты диск драйвері
б. BIOS жүйесіндегі тек USB немесе қатты диск драйверлерінің нұсқалары табылмаған жағдайда
ғана қол жетімді негізгі диагностикалық жиынтық (жад және қатты диск драйверіне арналған)
HP PC Hardware Diagnostics құралын USB құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын
тілінде ғана беріледі.
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі опциясы бар:
1-опция: HP PC Diagnostics басты беті – соңғы UEFI нұсқасына қатынас береді
1. http://hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз.
2. UEFI Download (UEFI жүктеп алу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) түймешігін таңдаңыз.
2-опция: Қолдау және драйверлер беттері – алдыңғы және кейінгі нұсқалар үшін белгілі бір өнім
жүктеулерін береді.
1. http://www.hp.com веб-торабына өтіңіз.
2. Меңзерді беттің жоғарғы жағында орналасқан Support (Қолдау) пәрменінің үстіне орналасып,
Download Drivers (Драйверлерді жүктеу) параметрін таңдаңыз.
3. Өнім атауын мәтін өрісіне енгізіп, Go (Өту) түймешігін басыңыз.
– немесе –
Өнімді автоматты түрде анықтау үшін, Find Now (Қазір табу) пәрменін таңдаңыз.
26 5-тарау Windows 10 жүйесін орнату, сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру