User's Guide

4. Компьютер үлгісін және амалдық жүйе түрін таңдаңыз.
5. Diagnostic (Диагностика) бөлімінде HP UEFI Support Environment (HP UEFI қолдау ортасы)
параметрін таңдаңыз.
немесе
Download (Жүктеу) түймешігін басыңыз, одан кейін Run (Орындау) опциясын таңдаңыз.
Техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалудан бұрын
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютер АТ қуат көзіне қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі беріледі.
Электр тогының соғуы және/немесе ыстық беттерден күйік алу қаупін азайту үшін электр розеткасынан
қуат сымын ажыратыңыз және тию алдында ішкі жүйе құрамдастарын суытыңыз.
Егер компьютермен мәселелер бар болса, техникалық қолдау қызметіне хабарласу алдында нақты
мәселені бөлектеу үшін алдыңғы бөлімдерде сипатталған және төмендегі қорытындыланған шешімдерді
қолданып көріңіз.
Компьютердің алдыңғы тақтасындағы қуат индикаторы жыпықтап тұрғанын және
жыпылықтамайтынын тексеріңіз немесе компьютерден шығатын дыбыстық сигналдар сериясын
тыңдаңыз. Индикатордың жыпықтауы және/немесе дыбыстық сигналдар мәселені
диагностикалауға көмектеседі. Қосымша ақпарат алу үшін Maintenance and Service Guide
(Техникалық күтім және қызмет көрсету нұсқаулығы) (тек ағылшын тілінде) құжатын қараңыз.
Егер экран бос болса, бар болған жағдайда мониторды компьютердің басқа бейне портына қосыңыз.
Не болмаса мониторды дұрыс жұмыс істейтін монитормен ауыстырыңыз.
Желіде жұмыс істеп жатсаңыз:
Компьютерді желіге қосу үшін басқа желілік кабель қолданыңыз.
Желіге басқа компьютерді басқа кабельмен қосыңыз.
Мәселеңіз шешілмесе, компьютердегі желілік ұяшық немесе қабырғадағы желілік ұяшық ақаулығы
болуы мүмкін.
Жақында жаңа құрылғы қосқан болсаңыз, ол құрылғыны алып тастаңыз.
Жақында жаңа бағдарламалық құрал орнатқан болсаңыз, оны жойыңыз.
Жан-жақты онлайн техникалық қолдауды http://www.hp.com/support мекенжайынан алуға да
болады.
Компьютер іске қосылып, бірақ операциялық жүйе жүктелмесе, «pre-boot» диагностикалық
бағдарламасын, HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын іске қосуға болады. Қосымша ақпаратты
Windows 10 жүйесін орнату, сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру (23-бет) бөлімінен
қараңыз.
Егер компьютер операциялық жүйеге күктелсе, ол жерде мәселелерді өздігінен шешу
диагностикасын және желіде сөйлесу мүмкіндіктерін беретін екі құрал болуы мүмкін (егер
Интернетке қосылған болса).
Егер сізде HP Support Assistant бағдарламасы болса, оны Бастау экранындағы HP Support
Assistant бағдарламасын екі рет басу, Компьютер түймешігін, сосын Диагностика белгішесін
басу арқылы аша аласыз.
Ал HP Support Assistant бағдарламасы орнатылған болмаса, HP Instant Support Professional
Edition бағдарламасын http://www.hp.com/go/ispe мекенжайынан аша аласыз.
Мәселелер орын алса 27