User's Guide
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан
кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
2. Сұралса, бағдарламаға жалғастыру рұқсатын беру үшін Иә түймесін басыңыз.
3. Қалпына келтіру тасығышын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру қажет бола қалса, HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (31-бет)
бөлімін қараңыз.
Windows құралдарын пайдалану
Windows құралдары арқылы қалпына келтіру медиасын, жүйені қалпына келтіру нүктелерін және жеке
ақпаратыңыздың сақтық көшірмелерін жасауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына келтіру
құралы әдепкі бойынша ажыратылған болады.
Қосымша ақпаратты және нұсқауларды алу үшін Анықтама және қолдау бағдарламасын қараңыз.
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде анықтама сөзін теріп, Анықтама және қолдау тармағын
таңдаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар. Жағдайыңызға ең сәйкес келетін әдіс пен шеберлік
деңгейін таңдаңыз:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Барлық әдістер өнім үлгілерінің барлығында жұмыс істемеуі мүмкін.
●
Windows жүйесі сақтық көшірмеден қалпына келтіру, компьютерді қалпына келтіру және
компьютерді оның бастапқы қалпына келтіру үшін бірнеше опцияны ұсынады. Қосымша ақпарат
алу үшін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын қараңыз.
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде анықтама сөзін теріп, Анықтама және қолдау
тармағын таңдаңыз.
●
Алдын ала орнатылған қолданба немесе драйвер мәселесін шешу қажет болса, жекелеген
қолданбаны немесе драйверді қайта орнату үшін HP Recovery Manager бағдарламасының
Драйверлерді және/немесе қолданбаларды қайта орнату опциясын (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдаланыңыз.
▲
Тапсырмалар тақтасыың іздеу жолағында recovery деп теріп, HP Recovery Manager
бағдарламасын таңдаңыз да, Переустановить драйверы и/или приложения (Драйверлерді
және/немесе қолданбаларды қайта орнату) параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
●
Планшеттің Windows бөлімін бастапқы зауыттық мазмұнына қалпына келтіру керек болса, HP
Recovery бөліміндегі (тек таңдаулы өнімдерде) жүйені қалпына келтіру опциясын таңдауға немесе
HP Recovery медиа құралын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы
қалпына келтіру (31-бет) бөлімінен қараңыз. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған болса, НР
қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдерде) (29-бет) бөлімін қараңыз.
●
Таңдаулы өнімдерде компьютердің бастапқы зауыттық бөлімі мен мазмұнын қалпына келтіру керек
болса немесе қатты диск жетегі ауыстырылса, HP қалпына келтіру медиа құралының зауыттық
30 5-тарау Windows 10 жүйесін орнату, сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру