User's Guide
HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан
Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жетегі жұмыс
істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
HP Recovery Manager бағдарламасын HP Recovery бөлімінен іске қосу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан
кейін
Recovery Manager тармағын, одан кейін HP Recovery Environment тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Компьютер жүктелген кезде, F11 пернесін басыңыз немесе қуат түймешігін басқан кезде F11
пернесін басып ұстап тұрыңыз.
2. Жүктеу опцияларының мәзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын таңдаңыз.
3. Жүйелік қалпына келтіру тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру үшін HP Recovery құралын пайдалану
Бастапқы жүйені қалпына келтіру үшін, HP Recovery құралын қолдануға болады. Бұл әдісті жүйеңізде HP
Recovery бөлімі болмаған немесе қатты диск жетегі дұрыс жұмыс істемеген жағдайда қолдануға болады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. НР қалпына келтіру медиа дискісін салып, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде қайта
қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіңіз. Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту
(32-бет) бөлімін қараңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту
Егер компьютеріңіз HP Recovery Manager бағдарламасында қайта басаталмаса, компьютерді жүктеу ретін
өзгерту қажет. Бұл – компьютер жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген құрылғылардың реті.
Таңдауды оптикалық диск жетегіне немесе USB флэш жадына өзгертуге болады.
Жүктелу ретін өзгерту үшін:
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз.
2. BIOS жүйесіне кіріңіз.
Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және Esc пернесін тез басып
қалып, F9 пернесін басыңыз.
3. Жүктегіңіз келетін оптикалық диск жетегін немесе USB флэш жетегін таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты диск жетегінен орын босату үшін HP Recovery бөлімін
жоюға мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery бөлімі жойылғаннан кейін, жүйені қалпына келтіруге немесе НР
қалпына келтіру медиасын HP Recovery бөлімінен жасауға болмайды. Қалпына келтіру бөлімін жоймас
бұрын, HP Recovery медиа құралын жасаңыз; НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы
өнімдерде) (29-бет) бөлімін қараңыз.
32 5-тарау Windows 10 жүйесін орнату, сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру