User's Guide
BIOS нұсқасын жаңарту
Ең соңғы кеңейтімдерді қамтитын ең соңғы қол жетімді BIOS нұсқасын тауып жүктеңіз:
1. http://www.hp.com/go/workstationsupport веб-торабына өтіңіз.
2. Тапсырмалар астындағы сол жақ жылжыту бағанында Драйверлер мен бағдарламалық құралды
жүктеу опциясын таңдаңыз.
3. Жұмыс бекетіне жетімді соңғы BIOS нұсқасын табу үшін нұсқауларды орындаңыз.
4. Жұмыс бекетіңіздегі BIOS нұсқасын веб-сайттағы BIOS нұсқаларымен салыстырыңыз (Ағымдағы
BIOS нұсқасын анықтау (40-бет) қараңыз). Егер веб-сайттағы BIOS нұсқасы сіздің құралыңыздағы
нұсқамен бірдей болса, басқа әрекеттер қажет емес.
5. Егер веб-сайттағы BIOS нұсқасы сіздің құралыңыздағы нұсқадан жаңалау болса, жұмыс бекетіңізге
жүктеп алыңыз. Орнатуды аяқтау үшін ақпарат парақшаларындағы нұсқауларды мұқият орындаңыз.
құрылғы драйверлерін жаңарту
Егер сыртқы (принтер, дисплей адаптері немесе желі адаптері сияқты) құрылғы орнатсаңыз,
құрылғылардың драйверлерінің нұсқасы жаңартылғанын тексеріңіз. Егер құрылғыны HP компаниясы
арқылы алсаңыз, HP веб-сайтына кіріп, соңғы драйверлерді жүктеңіз. Бұл драйверлер сіздің құрылғыңыз
бен HP жұмыс бекеті үйлесімділігі жоғары болу мақсатында тексерістен өткен.
Егер құрылғыны HP компаниясынан алмасаңыз, HP сіздің құрылғыңыз және драйверлердің HP жұмыс
бекетіне үйлесімділігін білу үшін алдымен HP веб-сайтына өтіңіз. Егер ешқандай драйвер болмаса, соңғы
нұсқасын жүктеп алу үшін құрылғы өндірушісінің веб-торабына кіріңіз.
Құрал драйверлені жаңарту үшін:
1. http://www.hp.com/go/workstationsupport мекенжайына өтіп, өнімді көрсетіңіз.
2. Жұмыс станциясына жетімді драйверлердің соңғы нұсқасын табу үшін нұсқауларды орындаңыз.
Қажетті драйвер табылмаса, сыртқы құрылғы өндірушісінің веб-торабынан қараңыз.
құрылғы драйверлерін жаңарту 41