User's Guide

Барлық жұмыс бекеттерінің сериялық нөмірі (әр жұмыс бекетінің өзінің) және өнім нөмірі болады.
Қолдау қызметіне қоңырау шалғанда осы нөмірлерді алдын-ала дайындап қойыңыз.
Рұқсат сертификаты (COA) Windows 7 алдын ала орнатылған жүйесінде ғана қолданылады.
Қызмет жапсырмасы жұмыс тақтасын жөндеуге қажетті орнатылған ID және функция бит жолдарын
көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс бекетіңіз осы бөлімдегі суреттен аздап өзгеше болуы мүмкін.
Кепілдік туралы ақпаратты табу
Кепілдік туралы ақпаратты http://www.hp.com/support/warranty-lookuptool веб-сайтынан қараңыз.
Жабдықталған күтім жинағын http://www.hp.com/go/lookuptool веб-сайтынан қараңыз.
Стандартты өнім кепілдігінің мерзімін созу үшін http://www.hp.com/hps/carepack сілтемесіне өтіңіз. HP
күтім бумасы қызметтері стандартты өнім кепілдігінің мерзімін созу және ауқымын кеңейту үшін
жаңартылған қызмет деңгейлерін ұсынады.
HP ақаулықтарды жою көздері мен құралдары
Бұл бөлім жүйеңіздің ақауларын жою бойынша нұсқаулар берітін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Онлайн қолдау қызметі
Онлайн қолдау деректерінің құрамына веб-сайт негізіндегі ақаулық жою құралдары, техникалық білім
дереккөздері, драйвер мен патч жүктеулері, желі қауымдастықтары және өнім өзгеруін хабарландыру
қызметтері кіреді.
Келесі веб-тораптарды да қолдануыңызға болады:
http://www.hp.comӨнім туралы пайдалы ақпарат береді.
http://www.hp.com/support/workstation_manualsЖаңартылған ақпараттарды желі арқылы
қамтамасыз етеді.
http://www.hp.com/go/workstationsupportЖұмыс бекеттеріне техникалық қолдау көрсетеді.
Кепілдік туралы ақпаратты табу 43