User's Guide
9 Күнделікті күтім
Жалпы тазалау туралы қауіпсіздік ескертулері
●
Компьютерді тазалау үшін еріткіштер мен тез жалындайтын сұйықтарды қолданбаңыз.
●
Бөлшектерін суға немесе тазалайтын ерітіндіге салмаңыз; таза матаға алдымен сұйықты шашып
алып, сүртуге болады.
●
Пернетақта, тінтуір немесе желдеткіштерін тазалау үшін компьютерді қуат көзінен ажыратыңыз.
●
Пернетақтаны тазалар алдында суырып тастаңыз.
●
Пернетақтаны тазалағанда екі жағында қалқаны бар көзілдірік киіңіз.
Шассиді тазалау
●
Компьютерді тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Қолдану және қызмет көрсету
нұқсаулығындағы қауіпсіздік ескертулерін орындаңыз.
●
Дақтары мен кірін кетіру үшін түксіз мата мен таза су қолданыңыз.
●
Дақтар кетпесе ыдыс жуатын сұйықты сумен араластырып тазалаңыз. Үстінен таза сумен
дымқылданған матамен сүртіп алыңыз.
●
Егер кетпесе, изопропил спиртін (ысатын) қолданыңыз. Үстінен сүрту қажет емес, себебі спирт
жылдам ұшып кетеді және ізін қалдырмайды.
●
Тазалап болған соң, компьютерді әрқашан таза, түксіз матамен сүртіп алыңыз.
●
Анда-санда компьютердің желдеткіштерін тазалап алыңыз. Жүн, шаң және басқа бөтен заттар
желдеткішті бөгеп, ауа жүрісін шектеуі мүмкін.
Пернетақтаны тазалау
ЕСКЕРТУ: Пернелер астындағы жарықшақтарды тазалағанда екі жағында қалқаны бар қауіпсіздік
көзілдірігін киіңіз.
●
Алдымен пернтақтаны суырыңыз.
●
Компьютерді тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Қолдану және қызмет көрсету
нұсқаулығындағы қауіпсіздік ескертулерін орындаңыз.
●
Пернелер астындағы немесе арасындағы жарқыншақтарды шаң сорғышпен немесе қағып түсіруге
болады.
●
Пернелер астындағы жарқыншақтарды тығыздалған ауамен де тазалауға болады. Абайлап
қолданыңыз, себебі ауа ағыны кең пернелер астындағы майларды ала кетуі мүмкін.
●
Егер пернені алсаңыз, пернені бүлдіріп алмас үшін, арнаулы перне алатын құралды қолданыңыз.
Бұл құралды көптеген электрондық жабдықтар сататын дүкендерден табуға болады.
ЕСКЕРТУ: Пернетақтадан кең пернелерді (бос орын пернесі сияқты) алмаңыз. Егер бұл пернелер
дұрыс алынбаса немесе орнатылмаса, пернетақта дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Жалпы тазалау туралы қауіпсіздік ескертулері 47