User Guide - Windows 10
SIM картасын енгізу (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты
күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрмені арқылы өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Картаны SIM ұясына енгізіп, карта нық отырғанша оны ішіне итеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз.
SIM картасын енгізу (тек таңдаулы үлгілерде) 21