User Guide - Windows 10
●
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Тапсырмалар тақтасының іздеу
жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления (Басқару
тақтасы) опциясын, одан кейін Оформление и персонализация (Безендіру және даралау)
таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Ажыратымдылықты теңшеу)
параметрін таңдаңыз.
Қосарлы режимі бар DisplayPort
Dual-Mode DisplayPort порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты видео немесе
дыбыстық құрылғыларға немесе кез-келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құрылғыларға
жалғайды. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда шағын Dual-Mode DisplayPort өнімділігі
жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРТПЕ: Бейне және/немесе дыбыс сигналдарын Dual-Mode DisplayPort порты арқылы жіберу
үшін, Dual-Mode DisplayPort кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің Dual-Mode DisplayPort портына бір ғана Dual-Mode DisplayPort құрылғысын
жалғауға болады. Компьютер экранындағы ақпарат бір мезгілде Dual-Mode DisplayPort құрылғысында
да көрсетіледі.
Бейне немесе аудио құрылғысын Dual-Mode DisplayPort портына жалғау үшін:
1. Dual-Mode DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі Dual-Mode DisplayPort портына
жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін
басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Бейнені пайдалану 33