User Guide - Windows 10
DriveLock мүмкіндігін өшіру (тек таңдаулы үлгілерде)
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
●
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға
шыққанда f10 пернесін басыңыз.
●
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен
бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз.
2. Security (Қауіпсіздік) пәрменін, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) немесе Hard Drive
Tools (Қатты диск құралдары) опциясын (тек таңдаулы үлгілерде), DriveLock параметрін
таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізу және Set DriveLock Password
(DriveLock құпия сөзін орнату) пәрменін таңдау қажет болуы мүмкін.
3. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
4. DriveLock бағдарламалық құралын өшіру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап
шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Yes (Иә) түймешігін басыңыз.
DriveLock құпия сөзін енгізу (тек таңдаулы үлгілерде)
Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы
MultiBay құралына емес).
DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, қолданушы атауыңызды немесе құпия сөзіңізді (құпия
сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
Құпия сөзін енгізудің үш сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті
қайталаңыз.
DriveLock картасын өзгерту (тек таңдаулы үлгілерде)
Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды
орындаңыз:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Питание (Қуат) түймешігін басыңыз.
3. DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін енгізу) сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп
жатқан ағымдағы пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін
басыңыз және Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Security (Қауіпсіздік) пәрменін, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) немесе Hard Drive
Tools (Қатты диск құралдары) опциясын (тек таңдаулы үлгілерде), DriveLock параметрін
таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
52 7-тарау Қауіпсіздік