User Guide - Windows 10

ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізу және Set DriveLock Password
(DriveLock құпия сөзін орнату) пәрменін таңдау қажет болуы мүмкін.
5. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Құпия сөзді өзгерту үшін қажет параметрді таңдаңыз, одан кейін құпия сөзді енгізу үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Change DriveLock Master Password (DriveLock құралының басты құпия сөзін өзгерту)
опциясы DriveLock құралының құпия сөзін енгізу сұралғанда (3-қадамда) басты құпия сөз
енгізілген болса көрінеді.
7. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап
шығу) опциясын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Computer Setup Automatic DriveLock мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Компьютерді бірнеше пайдаланушы қолданған кезде, автоматты DriveLock құпия сөзін орнатуға
болады. Автоматты DriveLock құпия сөзі орнатылғаннан кейін, кездейсоқ пайдаланушы құпия сөзі мен
DriveLock басты құпия сөзі жасалады. Пайдаланушы құпия сөздің дұрыс деректерін енгізген кезде, бұл
кездейсоқ пайдаланушы мен DriveLock басты құпия сөзі дискінің бұғаттауын алу үшін
пайдаланылатын болады.
ЕСКЕРТПЕ: Автоматты DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS әкімші құпия сөзін
тағайындап алу қажет.
Автоматты DriveLock құпия сөзін енгізу (тек таңдаулы үлгілерде)
Computer Setup утилитасында Автоматты DriveLock құпия сөзі мүмкіндігін қосу үшін төменде берілген
қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп
тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) опциясын,
Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
4. BIOS әкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз.
5. Ішкі қатты дискті таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін YES (Иә) пәрменін таңдаңыз.
7. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Құпия сөздерді пайдалану 53