User Guide - Windows 10
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы,
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар
электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Мәселені уақытша шешу үшін, желіаралық
қалқанды уақытша өшіріп, орындалатын тапсырманы орындаңыз да, желіаралық қалқанды қайта
қосыңыз. Ақаулықты толық шешу үшін, қалқанның параметрлерін қайта реттеңіз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік
бұзудан және компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез
Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар. Параметрлерді өзгерту үшін
тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін
жазып
, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз. Система и безопасность (Жүйе
және қауіпсіздік) бөлімін түртіңіз, Обновления Windows (Windows жаңартулары) тобын, Изменить
параметры (Параметрлерді өзгерту) бөлімін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
HP Client Security бағдарламалық құралы компьютерде алдын ала орнатылып келеді. Бұл
бағдарламалық құралды тапсырмалар тақтасының оң шетінде немесе Windows жүйесінің Басқару
тақтасында орналасқан HP Client Security белгішесі арқылы ашуға болады. Оның қауіпсіздік
мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды.
Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану
HP Touchpoint Manager бағдарламасы бизнеске компания активтерін тиімді басқаруға және қорғауға
мүмкіндік беретін бұлттық технологияларға негізделген АТ шешімі болып табылады. HP Touchpoint
Manager зиян бағдарламалар мен басқа шабуылдардан қорғайды, құрылғының жұмысқа
қабілеттілігін бақылайды және тұтынушыларға түпкі пайдаланушының құрылғысы мен қауіпсіздік
мәселелерін шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік береді. Тұтынушыларға бағдарламалық
құралды жылдам жүктеп орнатуға болады, бұл өзіндік стандартты шешімдермен салыстырғанда
қаржы тарапынан тиімді екен. Қосымша ақпаратты http://www.hptouchpointmanager.com бөлімінен
қараңыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату (тек таңдаулы
үлгілерде)
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы
мүмкін.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату 55