User Guide - Windows 10
TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде)
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сенімді платформа модулін (TPM) осы жүйеде іске қоспастан бұрын модульді
пайдалану мақсатына сәйкес жергілікті заңдармен, ережелермен және саясаттармен сай келетінін
тексеріңіз және қолданылатын барлық рұқсаттар мен лицензияларды алыңыз. Жоғарыда аталған
талаптарды бұзатын сенімді платформа модулін (TPM) пайдалану нәтижесінде кез келген сәйкестік
мәселелер орын алса, сіз барлық міндеттемелер үшін толығымен жауапты болуы тиіс. НР компаниясы
кез келген байланысты міндеттемелер үшін жауапты болмайды.
TPM модулі компьютер үшін қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. TPM параметрлерін Computer
Setup (BIOS)
утилитасында өзгертуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: TPM параметрі Hidden (Көрінбейді) мәніне өзгертілсе, TPM модулі амалдық жүйеде
көрінбейді.
Computer Setup утилитасында TPM параметрлеріне қол жеткізу үшін
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату)
утилитасын бастау (68-бет) бөлімін қараңыз.
2. Security (Қауіпсіздік) тармағын, одан кейін TPM Embedded Security (ТРМ енгізілген қауіпсіздігі)
тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Sure Start бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдалану
Таңдаулы компьютер үлгілерінде компьютердің BIOS бағдарламасын шабуылдардан немесе
бүлінуден қорғау үшін үздіксіз бақылайтын HP Sure Start технологиясы орнатылады. Егер BIOS жүйесі
бүлінсе немесе рұқсатсыз қатынасу орын алса, HP Sure Start бағдарламасы пайдаланушының
қатысуынсыз BIOS жүйесін оның алдыңғы күйіне автоматты түрде қалпына келтіреді.
Көптеген пайдаланушылардың HP Sure Start бағдарламасының әдепкі конфигурацияны қолдануы
үшін, HP Sure Start алдын ала теңшеліп, іске қосылған. Тәжірибелі пайдаланушылар әдепкі
конфигурацияны өзгерте алады.
HP Sure Start жайлы жаңартылған құжаттарды ашу үшін http://www.hp.com/support мекенжайына
барып, еліңізді таңдаңыз. Драйверы и загрузки (Драйверлер мен жүктеулер) тармағын таңдаңыз,
одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
72 10-тарау Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start