User Guide - Windows 7

HP мобильді кең жолақты компьютеріңіздің артықшылықтары туралы толығырақ білу үшін
http://www.hp.com/go/mobilebroadband HP веб-сайтына кіріңіз.
SIM картасын енгізу және шығару
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты
күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. SIM картасын SIM картасының ұясына салып, ол өз орнына тығыз түскенше SIM картасын оның
ұясына жайлап басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, компьютердегі
суретке қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
6. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
7. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз.
8. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Mobile Connect қызметі – компьютерге арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты
байланыс ұсынатын қызмет. HP Mobile Connect қызметін пайдалану үшін компьютеріңізде SIM картасы
және HP Mobile Connect бағдарламасы болуы тиіс. HP Mobile Connect қызметі туралы толығырақ
ақпаратты және сатып алу мүмкіндіктерін көру үшін http://www.hp.com/go/mobileconnect веб-
торабына өтіңіз.
Сымсыз желіге қосылу 21