User Guide - Windows 7
◦
Кіші әріппен жазу үшін, fn пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
◦
Бас әріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып, ұстап тұрыңыз.
Біріктірілген сандық пернетақтаны қолдану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы сан
пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға болады.
Кірістірілген сандық пернетақта туралы ақпаратты Пернелер (11-бет) бөлімінен қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(5) num lk пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын және
сандар функциясын атқарады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына
келеді.
(6) Кірістірілген сандық пернетақта num lk пернесі қосылғанда, оны сыртқы сандық пернетақта
сияқты пайдалануға болады.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе өшірулі
болуына байланысты әртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.)Мысалы:
●
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
●
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page down
пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса, компьютердегі num lock шамы
сөніп тұрады.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін:
▲
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
Пернетақтаны пайдалану 31