User Guide - Windows 7

5 Мультимедиа
Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін:
Кірістірілген динамик(тер)
Кірістірілген динамик(тер)
Кірістірілген веб-камера (тек таңдаулы өнімдерде)
Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал
Аудио
HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі
аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау
үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе
құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына (немесе дыбыс
шығысы ұясына) жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Дыбыс құрылғыларын қосу үшін, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгейін мыналарды пайдаланып реттеуге болады:
Дыбыс деңгейі түймешіктері
Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын
арнайы пернелер)
Дыбыс деңгейі пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін,
Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Пайдаланушы
нұсқаулықтарын ашу үшін Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Справка и
поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау) > Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Дыбыс деңгейін амалдық жүйе және кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдарының түрі туралы ақпаратты
Компьютермен танысу (3-бет) бөлімінен қараңыз.
Құлақаспаптарды қосу
Сымды құлақаспаптарды компьютеріңіздің құлақаспаптарға арналған ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
32 5-тарау Мультимедиа