User Guide - Windows 7
Қос режимді DisplayPort порты
Қосарлы режимі бар DisplayPort порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты
қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе
дыбыстық құралдарына жалғайды. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда қосарлы режимі
бар DisplayPort өнімділігі жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРТПЕ: Бейне және/немесе дыбыс сигналдарын қосарлы режимі бар DisplayPort порты арқылы
жіберу үшін, қосарлы режимі бар DisplayPort кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
ЕСКЕРТПЕ: Бір қосарлы режимі бар DisplayPort құрылғысын компьютердің қосарлы режимі бар
DisplayPort портына жалғауға болады. Компьютер экранындағы ақпаратты қосарлы режимі бар
DisplayPort құрылғысында бір уақытта бейнелеуге болады.
Бейне немесе аудио құрылғысын қосарлы режимі бар DisplayPort портына жалғау үшін:
1. Қосарлы режимі бар DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі қосарлы режимі бар
DisplayPort портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплейге жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер
тіркесімін басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижелер үшін «Кеңейтілген» мүмкіндігі пайдаланылған кезде, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын реттеу мақсатымен келесі әрекеттерді орындаңыз: Пуск
(Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация (Безендіру
және даралау) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей санатынан Регулировать разрешение экрана
(Экран ажыратымдылығын реттеу) пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқышты босату түймешігін
басыңыз.
36 5-тарау Мультимедиа