User Guide - Windows 7

HP Battery Check бағдарламасын пайдалану
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяда заряды тұрмайтын болса, HP Support Assistant
ішіндегі HP Battery Check бағдарламасын іске қосыңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігін HP Battery
Check бағдарламасы көрсетсе, қолдау қызметіне хабарласыңыз.
HP Battery Check бағдарламасын іске қосу үшін:
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP Battery Check бағдарламасының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат
көзіне жалғануы тиіс.
2. Пускастау) > Все программыарлық бағдарламалар) > Справка и поддержка HP (НР
анықтамасы және қолдау) > HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісі белгішесін таңдаңыз.
3. Менің компьютерім, Диагностика және құралдары қойындысын таңдап, HP Battery Check
таңдаңыз.
HP Battery Check бағдарламасы батареяның және оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін тексереді
және тексерудің нәтижелерін хабарлайды.
Қалған батарея зарядын көрсету
Меңзерді Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырма тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту
Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты әртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның сақтық
сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер:
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Сохранение питания (Қуат үнемдегіші)
параметрін таңдаңыз.
Компьютер 2 аптадан ұзағырақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде пайдаланушы ауыстыратын
батареяны алып тастаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз.
Төмен батарея деңгейлерін басқару
Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды. Кейбір
батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Параметры электропитания (Қуат
параметрлерін) қолдану арқылы өзгертуге болады. Параметры электропитания (Қуат параметрлерін)
қолдану басымдықтарының жиынтығы шамдарға әсер етпейді.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея
шамы жыпылықтайды.
42 6-тарау Қуатты басқару