User Guide - Windows 7
Батарея қуатын үнемдеу
●
Windows жүйесінің Панель управления (Басқару тақтасындағы) Параметры электропитания (Қуат
параметрлерін) параметрі арқылы төмен қуат деңгейін пайдалану параметрлерін таңдаңыз.
●
Сымсыз және LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем
бағдарламаларынан шығыңыз.
●
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
●
Пайдаланбаған кез келген сыртқы жад карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз
немесе шығарып алыңыз
.
●
Экран жарықтығын азайтыңыз.
●
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз, бұзбаңыз
немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулері
бөлімінен қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарын ашу үшін Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық
бағдарламалар) > > Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау) > Документация НР (НР
құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
Батареяны ауыстыру
Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «әлсіз» жағдайға жеткенде, HP
Battery Check бағдарламасы батареяны ауыстыру қажеттігін ескертеді. Батарея HP компаниясының
кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда, нұсқаулардың ішінде кепілдік нөмірі болады. Ауыстыру
батареясына тапсырыс беру туралы қосымша ақпарат беретін HP компаниясының веб-торабына
сілтейтін хабарлама пайда болады.
Қуат параметрлерін орнату 45