User Guide - Windows 7

3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
Смарт карталарды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі түрін
білдіреді.
Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі қосалқы
құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті және шығысты басқаратын амалдық
жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
Өндірісте қолданылатын смарт карталар оқу құралдарымен (тек таңдаулы өнімдерде) бірге
пайдаланылады.
PIN коды микрочип мазмұнына кіру рұқсатын алуға керек. Смарт-картаның қауіпсіздік мүмкіндіктері
туралы қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау)
> Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз.
Смарт-картаны салу
1. Картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары қаратып, картаны ақырындап смарт-картаны оқу
құрылғысына орныққанша сырғытыңыз.
2. Компьютерге кіру үшін смарт-картаның PIN кодын пайдаланып экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Смарт карталарды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) 49