User Guide - Windows 7
ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер
құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
USB құрылғысын шығарып алу
ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін USB құрылғысын шығарып алған кезде оны
сымынан тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Деректер жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында USB
құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. USB құрылғысын шығарып алу үшін, ақпаратты жауып, құрылғымен байланысты барлық
бағдарламаларды жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы жабдықты шығару белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
3. Құрылғыны шығарып алыңыз.
Тізбекті құрылғыны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Тізбекті модем, тінтуір немесе принтер сияқты қосымша құрылғылар жалғанатын тізбекті порты бар
компьютер үлгілерін таңдаңыз.
Кейбір тізбекті құрылғылар әдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал жөнінде қосымша ақпаратты
өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
Тізбекті құрылғыны қосу үшін:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Құрылғы кабелін компьютердегі сериялық портқа жалғаңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
Тізбекті құрылғыны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) 51