User Guide - Windows 7
DriveLock құпия сөзін енгізу (тек таңдаулы өнімдерде)
Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы
MultiBay құралына емес).
DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, қолданушы атауыңызды немесе құпия сөзіңізді (құпия
сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
Құпия сөзін енгізудің үш сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, әрекетті қайта орындау
қажет.
DriveLock құпия сөзін өзгерту (тек таңдаулы өнімдерде)
Computer Setup құралында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Қуат түймесін басыңыз.
3. DriveLock құпия сөзі сұралған кезде ағымдағы DriveLock пайдаланушы құпия сөзін немесе
өзгертілетін негізгі құпия сөзді енгізіңіз, enter пернесін басып, Computer Setup құралына кіру үшін
f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Қауіпсіздік опциясын таңдаңыз, Қатты диск утилиталары таңдауын жасаңыз, DriveLock таңдап,
enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізу және DriveLock құпия сөзін
орнату пәрменін таңдау қажет болуы мүмкін.
5. Басқару қажет қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз.
6. Құпия сөзді өзгерту үшін таңдау жасап, құпия сөздерді енгізу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock негізгі құпия сөзін өзгерту опциясы 3-қадамда DriveLock құпия сөзі
сұралған кезде негізгі құпия сөз берілгенде ғана көрінеді.
7. Computer Setup құралынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау
және шығу) опциясын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютерді электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол компьютер
вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе
утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе
олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды
қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде Windows Defender алдын ала орнатылған. Компьютерді жан-жақты қорғау үшін
вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануды жалғастыруға кеңес беріледі.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпарат алу үшін HP Support Assistant бағдарламасынан
қараңыз.
62 9-тарау Қауіпсіздік