User Guide - Windows 7

ә Ақаулықтарды жою
Ақаулықтарды жою көздері
Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін және қосымша ақпаратты Справка и поддержка
(Анықтама және қолдау) орталығынан табыңыз. Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін,
Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру және жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет.
НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады.
Қолдау қызметімен хабарласыңыз. Қолдау бойынша http://www.hp.com/support торабына өтіңіз.
Мүмкіндіктер тізімінен қолдау түрін таңдаңыз:
HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
ЕСКЕРТПЕ: Белгілі бір тілде чат мүмкін болмаса, ағылшын тілін пайдалануға болады.
НР қолдау орталығының ғаламдық телефон нөмірлерін табу.
HP қызмет көрсету орталығының мекенжайын анықтау.
Мәселелерді шешу
Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мәселелер мен шешімдерді сипаттайды.
Компьютер қосылмайды
Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің неліктен
қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін:
Егер компьютер розеткаға қосылған болса, розеткаға ток келіп тұрғанын тексеру үшін басқа
электр құрылғысын қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы компьютермен бірге берілген немесе осы компьютер үшін НР компаниясы
ұсынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Егер компьютер айнымалы ток розеткасынан басқа сыртқы қуат көзіне жалғанса, айнымалы ток
адаптерін пайдаланып, компьютерді айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. Қуат сымы мен
айнымалы ток адаптерінің қауіпсіз жалғанғанын тексеріңіз.
Компьютердің экраны бос
Егер экран бос, бірақ компьютер әлі өшірілмеген болса, оған мына себеп немесе бірнеше себеп болуы
мүмкін:
Компьютер ұйқылық күйде болуы мүмкін. Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін басып
қалыңыз. Ұйқылық күй дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып табылады.
Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер
батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін. Осы және басқа қуат
параметрлерін өзгерту үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
86 ә қосымшасы Ақаулықтарды жою