Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2015 HP Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгісі. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШтағы сауда белгісі. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялар тобының сауда белгілері. SD Logo – өз меншік иесінің сауда белгісі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................ 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Оң жағы ..............
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау ..................... 24 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану .............................................................................................................. 24 Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ............................................................................. 24 Меңзеу таяқшасын қолдану ...........................................................................................................
Дисплейлерді компьютерлерге AMD немесе Nvidia графикалық картасы (қосымша хабы бар) арқылы қосу .............................................................................. 38 Дисплейлерді Intel графикалық картасы бар компьютерге (қосымша хаб арқылы) қосу ................................................................................................................. 38 Intel графикасы (орнатылған хабты) бар компьютерлерге дисплейлерді қосу ...
USB құрылғысын жалғау ................................................................................................................ 53 USB құрылғысын ажырату ............................................................................................................. 53 Тізбекті құрылғыны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ......................................................................... 53 Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану .....................................................................
Тазалау іс рәсімдері ......................................................................................................................... 71 Дисплейді тазалау (көп қызметті компьютерлерде немесе ноутбуктерде) .......... 71 Компьютердің жақтары не қақпағын тазалау ........................................................... 71 Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау ............................................. 72 Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту ........................................
16 Қолжетімділік ......................................................................................................................................... 88 Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар ................................................................................................ 88 Қолдау қызметіне хабарласу ........................................................................................................................... 88 қосымшасы а Компьютерді сапарға алып шығу ................
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (17-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пәрменін, одан кейін Гарантия и сервисы (Кепілдік және қызметтер) пәрмендерін таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде немесе аймақтарда НР компаниясы басылған кепілдігін қорапта ұсынады.
2 Компьютермен танысу Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) Қосарлы режимі бар DisplayPort Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды. (2) USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады. Барлық USB құрылғылары стандартты USB порттары арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток қолданылады.
Бөлік (5) Сипаттама USB Type-C (зарядтау) порты Type-C қосқышы арқылы кез келген USB құрылғысын жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C зарядтау порттары арқылы компьютер өшірулі болса да, ұялы телефондар, планшеттер және MP3 ойнатқыштары сияқты құрылғыларды зарядтауға болады. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Адаптерлер (бөлек сатылады) қажет болуы (6) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад карталарын оқиды. (7) USB 3.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (3) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы өнімдерде) Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады. (4) Oптикалық жинақтағыш диск шамы Жасыл: Оптикалық диск пайдаланылуда. Өшірулі: Оптикалық диск жетегі өшірулі.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (2) WWAN антенналары* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы өнімдерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда. Веб-камераны пайдалану туралы ақпаратты алу үшін, HP Support Assistant бағдарламасын бастаңыз.
Жоғарғы жағы Сенсорлы тақта Бөлік 8 Сипаттама (1) Меңзегіш таяқша (тек таңдаулы өнімдерде) Меңзерді жылжытады және экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймешігі (тек таңдаулы өнімдерде) Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақта шамы ● Қосулы: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы.
Шамдар Бөлік (1) (2) Сипаттама Қуат шамы Микрофон дыбысын өшіру шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. ● Сары: микрофон дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: микрофон дыбысы қосулы.
Түймешіктер, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Бөлік Сипаттама (4) Дыбыс деңгейін өшіру түймесі Үндеткіш дыбысын өшіреді және қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функциялық пернемен, num lock пернесімен, esc пернесімен немесе fn+b пернесімен бірге басылғанда жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Жылдам пернелерді анықтау (29-бет) бөлімін қараңыз (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта басу Пуск (Бастау) мәзірін жабады.
Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функциялық пернемен, num lock пернесімен, esc пернесімен немесе fn+b пернесімен бірге басылғанда жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Жылдам пернелерді анықтау (29-бет) бөлімін қараңыз (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау) мәзірі жабылады.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Қондыру станциясын тірейтін тесіктер Қосымша қондыру станциясын тіреңіз. (2) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Бөлік (2) (3) Сипаттама Қуат шамы Батарея шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. Айнымалы ток көзіне қосылған кезде: ● Ақ: Батарея заряды 90% асады. ● Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында.
Артқы көрінісі Бөлік 16 Сипаттама (1) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. (2) Сериялық порт (тек таңдаулы өнімдерде) Тізбекті порт, тінтуір немесе принтер сияқты қосымша құрылғыны қосады.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары жанып тұрады. Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады. Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді. Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін 1.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату және Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) және Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау және шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады. Кейбір компьютерлерге SIM картасы алдын ала орнатылады. Егер SIM картасы алдын ала орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланыс ақпаратының ішінде берілуі мүмкін немесе мобильді желі операторы оны компьютерден бөлек беруі мүмкін.
HP Mobile Connect қызметін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP Mobile Connect қызметі – компьютерге арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты байланыс ұсынатын қызмет. HP Mobile Connect қызметін пайдалану үшін компьютеріңізде SIM картасы және HP Mobile Connect қызметі бағдарламасы болуы тиіс. HP Moбильді байланысы туралы толығырақ ақпаратты және сатып алу мүмкіндікерін көру үшін http://www.hp.com/go/mobileconnect вебторабына өтіңіз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы өнімдерде) қолдануға болады. Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы әрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
● Таңдау үшін, сенсорлы тақта аймағын бір саусағыңызбен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет әрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді.
● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жан-жаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. 2 саусақпен басу 2 саусақпен басу экрандағы нысан үшін мәзір таңдауларын жасауға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: ● 2 саусақпен басу қимылын пайдалану – тінтуірдің оң түймесін басу сияқты әрекет. Сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып, таңдалған нысанның опциялар мәзірін ашу үшін басыңыз.
● Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін. Шерту (тек таңдаулы өнімдерде) Жүргізіп өту экрандарда жылжуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді.
Сол жақ жиекті сипау Сол жақ жиекті сипау арқылы жақында ашылған бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз. Жақында ашылған қолданбалар арасында қозғалу үшін саусағыңызбен сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен сипап өтіңіз. ● Бағдарламалар арасында ауысу үшін сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен саусағыңызды сырғытыңыз. Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту арқылы бағдарламаларды өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды басқару опциялары көрсетіледі.
● Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі жиектен ақырын жылжытыңыз. Пернетақтаны пайдалану Пернетақта және тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге және бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз. fn+ функция пернесін басыңыз Сипаттама Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей және жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз. Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады.
Ендірілген сандар пернетақтасын пайдалану (таңдаулы өнімдерде ғана) (2) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады және сөндіреді. ЕСКЕРТПЕ: Cыртқы пернетақта немесе сандар пернетақтасы компьютерге жалғанғанда, орнатылған сандар пернетақтасы жұмыс істемейді. (5) Енгізілген сандық пернетақта Қосылғанда, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады.
◦ Кіші әріппен жазу үшін, fn пернесін басып, ұстап тұрыңыз. ◦ Бас әріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып, ұстап тұрыңыз. Кірістірілген сандар пернетақтасын қолдану (таңдаулы өнімдерде ғана) Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы сан пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға болады.
5 Мультимедиа Бұл компьютердің құрамында келесі құрылғылар болуы мүмкін: ● Кірістірілген үндеткіш(тер) ● Кірістірілген микрофон(дар) ● Кірістірілген веб-камера (тек таңдаулы өнімдерде) ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар Аудио Компьютеріңізде немесе сыртқы оптикалық дискіні пайдаланатын таңдаулы өнімдерде музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үші
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Микрофонды қосу Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы нәтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін 1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз. 2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) тармақтарын таңдаңыз. Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге қосады. 1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей жалғаңыз. 2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Бейне немесе аудио құрылғысын Dual-Mode DisplayPort портына жалғау үшін: 1. Dual-Mode DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі Dual-Mode DisplayPort портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз. 2. Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) пәрменін, Система (Жүйе) пәрменін таңдаңыз, одан кейін сол жақ бағанда Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) тармағын нұқыңыз.
Intel графикасы (орнатылған хабты) бар компьютерлерге дисплейлерді қосу Ішкі хаб және Intel графикалық басқарушы арқылы 3 дисплей құрылғыларын келесі конгфигурациялармен қосуға болады: ● Компьютерге қосылған екі 1920 x 1200 DP мониторлары + бір 1920 x 1200 VGA мониторы, қосымша қондыру станциясына қосылған ● Компьютерге қосылған бір 2560 x 1600 DP мониторы + бір 1920 x 1200 VGA мониторы, қосымша қондыру станциясына жалғанған Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз: 1.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру (сөндіру) ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Қуат параметрлерін орнату ЕСКЕРТУ: Компьютер Ұйқы режимінде болғанда бірнеше осал тараптары бар. Компьютеріңіздегі деректерді, сонымен қатар шифрланған деректерді рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін HP компаниясы Ұйқы режимінің орнына Ұйқылық режимін пайдалануды ұсынады, сонда компьютер кез келген уақытта физикалық ықпалыңыздан тыс болады. Бұл тәжірибе компьютеріңізді бірге алып жүргенде өте маңызды. Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану Ұйқылық күй зауытта іске қосылады.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі. ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады. Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының берілуі тоқтатылғанда, компьютер батарея қуатын автоматты түрде қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді. Таңдаулы компьютер үлгілерінде ғана графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында қолданылады.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Пайдаланушымен ауыстырылатын батареямен жабдықталған компьютер қолданыста болмағанда немесе зарядталмағанда батареяны компьютерден шығарып алыңыз. ● Пайдаланушымен ауыстырылатын батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Экономия энергии (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз.
Батареяны шығарып алу Батареяны алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз. 2. Артқы қақпақты алып тастау үшін 8 Phillips бұрандасын шығарып алып (1), қақпақты көтеріңіз (2).
3. Батареяны алу үшін 6 түсіп қалмайтын бұранданы босатып (1), батареяны көтеріңіз (2). Батареяны ауыстыру үшін осы қадамдарды кері қарай орындаңыз. Батарея қуатын үнемдеу ● Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Настройки (Параметрлер) және Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. ● Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз. ● Сымсыз және LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны қоқысқа тастау (тек таңдаулы өнімдерде) АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз, бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз. Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулері бөлімінен қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты қолданылады. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
7 Сыртқы карталар және құрылғылар Жад карталарын оқығышты қолдану (таңдаулы өнімдерде ғана) Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға және оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар әдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде және басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталарының пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен танысу (4-бет) бөлімін қараңыз.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. Смарт карталарды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: білдіреді. Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі түрін Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі қосалқы құрал.
Смарт картаны шығарып алу ▲ Смарт картаның шеттерінен ұстап, оны смарт карта оқу құралынан сыртқа шығарыңыз. USB құрылғысын пайдалану Әмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың интерфейсі болып табылады. Кейбір USB құрылғылары әдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: ▲ USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз. Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
Сериялық құрылғыны қосу үшін: 54 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Құрылғы кабелін компьютердегі сериялық портқа жалғаңыз. 3. Компьютерді қосыңыз.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге қосу үшін. ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгендігін және айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2.
8 Дискілер Қатты дискілерді пайдалану ЕСКЕРТУ: Мәліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. ● Жад модулін немесе қатты дискіні қосудан немесе алмастырудан бұрын жұмысыңызды сақтаңыз және компьютерді өшіріңіз. ● Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймесін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Дискіні тазалау құралын қосу: 1. Пуск (Бастау) экранына диск сөзін жазып, Удалить приложения, чтобы освободить место на диске (Дискте орын босату үшін бағдарламаларды жою) опциясын таңдаңыз. 2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз – компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінде немесе компьютерге алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы тағайындалады. ● BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату Құпия сөз Қызмет BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға қолданылады. Бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске қосу кезінде орнатылады.
BIOS әкімші құпия сөзін өзгерту 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password (Құпия сөзді өзгерту) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің 3 сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, әрекетті қайта орындау қажет.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін тағайындау үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы MultiBay құралына емес). DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, қолданушы атауыңызды немесе құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөзін енгізудің 2 сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, әрекетті қайта орындау қажет.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
DriveLock қорғау мүмкіндігін жою Computer Setup утилитасында DriveLock қорғау мүмкіндігін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive Tools (Қатты диск құралдары)> Automatic DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4. BIOS әкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз. 5. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін YES (Иә) пәрменін таңдаңыз. 7.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану HP Touchpoint Manager бағдарламасы бизнеске компания активтерін тиімді басқаруға және қорғауға мүмкіндік беретін бұлттық технологияларға негізделген АТ шешімі болып табылады. HP Touchpoint Manager зиян бағдарламалар мен басқа шабуылдардан қорғайды, құрылғының жұмысқа қабілеттілігін бақылайды және тұтынушыларға түпкі пайдаланушының құрылғысы мен қауіпсіздік мәселелерін шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік береді.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір сенсор: ● Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында ● Пернетақтаның оң жағында ● Дисплейдің үстіңгі оң жағында ● Дисплейдің сол жағында Компьютердің үлгісіне байланысты саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан орналасуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап етеді.
10 Күтім Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде).
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді.
11 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows жүйесінің сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру утилиталары көмегімен жеке файлдардың және қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы өнімдерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы өнімдерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді іске қосу әрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алып компьютерді қайта жүктеу және амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін Windows амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану (76-бет) бөлімін қараңыз.
Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін: 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Мүмкін болса, бейнені қалпына келтіру бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Бастау экранына pc (пк) әріптерін жазып, Этот компьютер (Осы ДК) тармағын таңдаңыз.
Windows жүйесін жаңарту немесе Windows жүйесін қалпына келтіру мүмкіндіктерін пайдалану Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде және жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет болғанда, Windows жүйесінің Қалпына келтіру функциясы маңызды ақпаратты қалпына келтіріп, сақтауға мүмкіндік береді. Windows жүйесін қалпына келтіру опциясы компьютеріңізден бас тартпас немесе оны қоқысқа тастамас бұрын компьютерді толығымен қайта пішімдеуді жүзеге асыруға немесе жеке ақпаратыңызды жоюға мүмкіндік береді.
12 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Computer Setup (BIOS) утилитасын жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен компьютердегі BIOS нұсқасын анықтаңыз. BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM date (ROM күні) және System BIOS) (BIOS жүйесі) деп те аталады) fn +esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады. 1.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранына файл сөзін жазып, Проводник (Жетектеуші) опциясын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Әдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск болып табылады. 3. Алдында жазып алған қатты дискінің жолы арқылы құрамында жаңарту бар қалтаны ашыңыз. 4. .
Computer Setup утилитасында TPM параметрлеріне қол жеткізу үшін: 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау (78-бет) бөлімін қараңыз. 2. Security (Қауіпсіздік) тармағын, одан кейін TPM Embedded Security (ТРМ енгізілген қауіпсіздігі) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
13 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөлімінде Download (Жүктеу) сілтемесін таңдап, Выполнить (Орындау) түймешігін басыңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына кіріп, еліңізді таңдаңыз. HP қолдау терезесі ашылады. 2.
14 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ақпарат немесе HP Support Assistant сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: Қолдау көрсету үшін http://www.hp.com/support сілтемесіне өтіңіз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу. ЕСКЕРТПЕ: Белгілі бір тілде қолдауға байланысты сөйлесу мүмкін болмаса, ағылшын тілін пайдалануға болады. ● Қолдау қызметінің телефон нөмірлерін табу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея ұяшығында немесе қызмет көрсету есігінің астында орналасқан. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
15 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
16 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді және жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
ә Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін және қосымша ақпаратты HP Support Assistant қызметінен табыңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру және жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз. Қолдау көрсету үшін http://www.hp.
Компьютердің экраны бос Егер экран бос, бірақ компьютер әлі өшірілмеген болса, оған мына себеп немесе бірнеше себеп болуы мүмкін: ● Компьютер ұйқылық күйде болуы мүмкін. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. Ұйқылық күй дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып табылады. Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі желдеткіш компьютердің ішкі бөліктерін салқындату және қызып кетудің алдын алу үшін, автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі әрекеттерді орындаңыз. ● Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз. ● Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз. ● Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз.
– немесе – ◦ Мультимедиа бағдарламасының ойнату терезесі ашылуы мүмкін. Дискіні ойнатуға қайту үшін, дискіні қайта бастауға мультимедиа бағдарламасында Воспроизвести (Ойнату) түймешігін басыңыз. Кейбір жағдайларда бағдарламадан шығып, оны қайта бастауыңыз қажет. Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс Таңбалар/Сандар 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылы 25 А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 66 шығарып алу 67 ағытпа, қуат 5 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 39 айнымалы ток адаптері, тексеру 49 айнымалы ток адаптерін тексеру 49 ақаулықтарды жою дискіге жазу 94 дискіні ойнату 93 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 94 аудио функциялары, тексеру 34 аудио функцияларын тексеру 34 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 4 Ә әкімші құпия сөзі 59 Б бағдарламалық құрал ви
корпоративтік WLAN қосылымы 20 Күту қосу 41 шығу 41 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 56 Дискіні тазалау 56 кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 7 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 13, 32 Қ қалпына келтіру 77 қалпына келтіру бөлімі 75 қатты диск HP 3D DriveGuard 57 сыртқы 55 қатты диск жетегін қалпына келтіру 75 қатты диск шамы 57 қатты дискіні қалпына келтіру 75 қауіпсіздік, сымсыз 19 қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 5, 6 қоғамдық WLAN қосылымы 20 қолжетімділік 88 қондыру порты, анықтау 5
сериялық нөмір 86 сериялық нөмір, компьютер 86 смарт карта анықталған 51 салу 51 шығарып алу 52 смарт карта ұяшығы 6 сымсыз антенналар, анықтау 7 сымсыз байланыс түймешігі 17 сымсыз байланыс шамы 9, 14, 17 сымсыз басқару элементтері амалдық жүйе 17 түймешігі 17 сымсыз желі (WLAN) жұмыс ауқымы 20 корпоративтік WLAN қосылымы 20 қажет жабдық 19 қауіпсіздік 19 қоғамдық WLAN қосылымы 20 қосылу 20 пайдалану 18 сымсыз куәландыру белгісі 86 сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 48 сыртқы диск 55 сыртқы құрылғылар 55
num lk пернесі, анықтау 31 num lock, сыртқы пернетақта 32 num lock пернесі, анықтау 32 num lock пернесінің шамы 9 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 5 RJ-45 (желі) шамдары, анықтау WWAN құрылғысы 17, 20 5 S SIM картасы салу 21 SIM картасының ұясы, анықтау 4 SoftPaq файлдары, жүктеу 73 Sure Start пайдалану 82 T TPM параметрлері 81 U USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін), анықтау 4 USB 3.