User Guide - Windows 8.1

Table Of Contents
3 Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды
желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың
ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы – Компьютерлерді корпоративті офистер, үй және
әуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты қоғамдық
орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті
желілерге қосады. WLAN желісінде компьютеріңіздегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол
жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
HP мобильді кең жолақты желі модулі (тек таңдаулы өнімдерде) көптеген аймақтарда сымсыз
байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сымсыз ғаламдық желі (WWAN) құрылғысы болып
табылады. Мобильді желі операторлары үлкен географиялық аумақтардың барлық жерінде
бүкіл облыстар, аймақтар немесе тіпті ауылдардың байланыс аясына қамтылуын тиімді
қамтамасыз ететін (ұялы телефон мұнаралары сияқты) базалық станцияларды орнатады.
Bluetooth құрылғысы - компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер
және камералар сияқты басқа Bluetooth қосылған құрылғылармен байланысу үшін басқа жеке
аймақтық желіні (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей
байланысады және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, әдетте бір-бірінен 10 метр
(шамамен 33 фут) қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз технология жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, HP Support Assistant бағдарламасындағы
ақпаратты және веб-тораптар сілтемелерін қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant
бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктердің бірін немесе бірнешесін пайдалана
отырып басқаруға болады:
Сымсыз байланыс түймесі, сымсыз байланыс қосқышы, сымсыз байланыс пернесі немесе ұшу
режимі пернесі (осы тарауда «сымсыз байланыс түймесі» деп аталады) (тек таңдаулы өнімдерде)
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Компьютерде сымсыз байланыс түймесі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және таңдаулы
өнімдерде бір немесе екі сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың
барлығы зауытта қосылады және компьютеріңіздің сымсыз байланыс шамы болса, ол қосылғанда,
сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған.
Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген.
Сымсыз желіге қосылу 17