User Guide - Windows 8.1

Table Of Contents
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке
идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады.
Кейбір компьютерлерге SIM картасы алдын ала орнатылады. Егер SIM картасы алдын ала
орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланыс
ақпаратының ішінде берілуі мүмкін немесе мобильді желі операторы оны компьютерден бөлек беруі
мүмкін.
SIM картасын енгізу және шығару туралы ақпаратты SIM картасын салу және алу (тек таңдаулы
өнімдерде) (21-бет) бөлімінен қараңыз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін
, компьютерге енгізілген НР мобильді кең жолақты
модулі туралы ақпаратты қараңыз.
SIM картасын салу және алу (тек таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты
күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді Жұмысты аяқтау пәрмені арқылы өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Картаны SIM ұясына енгізіп, карта нық отырғанша оны ішіне итеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, компьютердегі
кескінді қараңыз.
6. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
7. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз.
8. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз.
Сымсыз желіге қосылу 21