User Guide - Windows 8.1

Table Of Contents
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның
қимылдары және меңзегіш құрылғылар
арқылы шарлау
Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы
өнімдерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Түрту қимылдарын
компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы өнімдерде) қолдануға
болады.
Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы әрекет
пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін
(бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға
болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы және меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір параметрлерін
қолданыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарының мысалдарын көруіңізге болады.
Тінтуір сипаттарына өту үшін:
Бастау экранында мышь (тінтуір) деп теріп, Настройки (Параметрлер) және Мышьінтуір)
пәрмендерін таңдаңыз.
Меңзеу таяқшасын қолдану
Меңзеу таяқшасын меңзер экранда жылжитын бағытта еңкейтіңіз. Тінтуірдегі оң және сол жақ
түймешіктерді пайдаланатындай, меңзеу таяқшасының оң және сол жақ түймешіктерін
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны және қимылдарды пайдалану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында оңай жылжуға мүмкіндік
береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол және оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сәйкес түймешіктері
сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Түрту
Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз.
24 4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау