User Guide - Windows 8.1

Table Of Contents
Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі жиектен ақырын
жылжытыңыз.
Пернетақтаны пайдалану
Пернетақта және тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге және бірдей функцияларды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау
мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС:
Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс
үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесін қайта басу алдыңғы
экранға қайтарады.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Windows жүйесінің пернелер тіркесімдерін пайдалану
Windows жүйесі әрекеттерді жылдам орындау үшін пернелер тіркесімдерін қамтамасыз етеді. Арнайы
әрекетті орындау үшін, Windows пернесінің өзін немесе арнайы пернемен бірге басыңыз.
Жылдам пернелерді анықтау
Жылдам перне дегеніміз fn пернесінің (1) және esc пернесі (2) немесе функционалдық пернелердің
біреуінің (3) тіркесімі.
Пернетақтаны пайдалану 29