User Guide - Windows 8.1

Table Of Contents
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы нәтиже
алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Құлақаспаптарды және микрофондарды қосу
Сымды құлақаспаптарды және гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап) ұясына/
аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар сатылады.
Компьютерге желісіз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Осы
нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant
(HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Компьютерде аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРТПЕ: Жазу кезінде жақсы нәтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ
параметрде дыбысты жазыңыз.
Компьютердің дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) тармақтарын
таңдаңыз.
3. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз. Программные
события (Бағдарламалық оқиғалар) параметрі астынан дыбыс сигналы немесе ескерту дыбысы
сияқты кез келген дыбыс оқиғасын таңдаңыз, одан кейін Проверитьексеру) түймешігін
басыңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына звук (дыбыс) cөзін жазыңыз, одан кейін Звукозапись (Дыбыс жазба) опциясын
таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз.
3. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз.
4. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз және дыбысты ойнатыңыз.
34 5-тарау Мультимедиа