User Guide - Windows 8.1

Table Of Contents
6 Қуатты басқару
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі
термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады.
Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен
компьютерді өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
USB (Әмбебап тізбекті шина) портына қосылмаған сыртқы аппараттық құрылғыны қосқан кезде
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған кезде.
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows өшіру
пәрменін қолдану болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, қуат
түймешігін басып қалу арқылы ұйқы немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Меңзерді бастау экранының жоғарғы немесе төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз.
3. Настройки (Параметрлер), одан кейін Питание (Қуат) пәрмендерін таңдаңыз және Завершение
работыұмысты аяқтау) параметрін басыңыз.
– немесе –
Экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Пуск (Бастау) түймесін оң жақ түймесімен басып,
Завершить работу или Выйти из системыұмысты аяқтау немесе Жүйеден шығу) тармағын,
сосын Завершение работыұмысты аяқтау) пәрменін таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе және жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедурасын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
ctrl+alt+delete пернелер тіркесімін басыңыз. Питание (Қуат) белгішесін басыңыз, одан кейін
Завершение работыұмысты аяқтау) параметрін таңдаңыз.
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар үлгілердегі компьютерден батареяны шығарыңыз.
40 6-тарау Қуатты басқару