User Guide - Windows 8.1

Table Of Contents
DriveLock құпия сөзін орнату
Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін тағайындау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu»
(Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін
басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive
Tools (Қатты диск құралдары) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін > DriveLock опциясын
таңдаңыз да
, enter пернесін басыңыз.
4. DriveLock құпия сөзін тағайындау (жиһандық) тармағын басыңыз.
5. BIOS әкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз.
6. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз, содан
кейін enter пернесін басыңыз.
7. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін YES (Иә) пәрменін таңдаңыз.
8. Сұралғанда, негізгі құпия сөзді жазып, enterпернесін басыңыз.
9. Сұралғанда, негізгі құпия сөзді қайта жазып, растаңыз да enterпернесін басыңыз.
10. Сұралғанда, пайдаланушы құпия сөзін жазып, enterпернесін басыңыз.
11. Сұралғанда, пайдаланушы құпия сөзін қайта жазып, растаңыз да enterпернесін басыңыз.
12. Таңдалған дискіге DriveLock қорғау мүмкіндігінің қолданылуын растау үшін, DriveLock сөзін
растау өрісінде теріңіз
, содан кейін enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock қорғау мүмкіндігін растау кезінде регистрді ескеру қажет.
13. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Saveақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу)
пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Құпия сөздерді пайдалану 63