User Guide - Windows 8.1

Table Of Contents
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз.
Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану
HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq
нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы SoftPaq
файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады.
SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында орналасқан компьютер үлгісі мен SoftPaq
ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді. SoftPaq Download Manager құралы жүктеуге
болатын SoftPaq файлын анықтау үшін бір немесе бірнеше компьютер үлгісін көрсетуге мүмкіндік
береді.
SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында дерекқор немесе бағдарламалық құралдың
жаңартулары бар-жоқтығын тексереді. Егер жаңартулар табылған болса, олар жүктеліп, автоматты
түрде қолданылады.
SoftPaq Download Manager құралын HP веб-торабынан жүктеп алуға болады. SoftPaq Download
Manager құралын SoftPaq файлдарын жүктеп алуға пайдалану үшін, алдымен бағдарламаны жүктеп
орнатуыңыз тиіс. http://www.hp.com/go/sdm мекенжайы бойынша веб-торапқа өтіп, SoftPaq Download
Manager бағдарламалық құралын жүктеу және орнату нұсқауларын орындаңыз.
SoftPaq файлдарын жүктеп алу үшін:
Бастау экранына s әрпін жазыңыз. Іздеу жолағына softpaq деп жазып, HP SoftPaq Download
Manager (
НР SoftPaq жүктеу реттеушісі) пәрменін таңдаңыз. SoftPaq файлдарын жүктеу үшін
нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы жазбасын басқару функциясымен сұрақ қойылса, Иә түймешігін басыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 73