User Guide - Windows 8.1

Table Of Contents
11 Сақтық көшірме жасау және қалпына
келтіру
Ақпаратты қорғау үшін, Windows жүйесінің сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру
утилиталары көмегімен жеке файлдардың және қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл
қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз
, орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы
өнімдерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін
жасаңыз (тек таңдаулы өнімдерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз. Жүйе істемей
қалғанда, компьютердің мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен қалпына келтіруге болады.
Бастау экранында восстановление (қалпына келтіру) деп теріп, опцияны көрсетілген параметрлер
тізімінен таңдаңыз
.
ЕСКЕРТПЕ: Сақтық көшірме жасау және қпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін Windows жүйесіндегі анықтама және қолдау бөлімін қараңыз.
Жүйе тұрақсыз болса, HP компаниясы қалпына келтіру процедураларын басып шығаруды және кейін
пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат немесе
құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін «Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау)
тармағын қараңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру және жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей
нәтиже береді. Бағдарламалық құралды бірінші рет орнатқаннан кейін жүйені қалпына келтіру
дискілерін және бастапқы сақтық көшірмені бірден жасауыңыз қажет. Жаңа бағдарлама және
деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін
жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып отыруын жалғастыру қажет.
Windows сақтық көшірме жасау мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты және нұсқауларды
«Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) бағдарламасынан қараңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру үшін
төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау және қалпына
келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге
болады. Windows жүйесінің автоматты түрде жөндеу мүмкіндігінің көмегімен Windows жүйесіне
дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады.
f11 қалпына келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы
кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескінге Windows амалдық жүйесі және
зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
74 11-тарау Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру