User Guide - Windows 8.1

Table Of Contents
Windows жүйесін жаңарту немесе Windows жүйесін қалпына келтіру
мүмкіндіктерін пайдалану
Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде және жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет
болғанда, Windows жүйесінің Қалпына келтіру функциясы маңызды ақпаратты қалпына келтіріп,
сақтауға мүмкіндік береді.
Windows жүйесін қалпына келтіру опциясы компьютеріңізден бас тартпас немесе оны қоқысқа
тастамас бұрын компьютерді толығымен қайта пішімдеуді жүзеге асыруға немесе жеке
ақпаратыңызды жоюға мүмкіндік береді. Осы мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты «Справка и
поддержка» (Анықтама және қолдау) бағдарламасынан қараңыз.
HP Software Setup утилитасын пайдалану
HP Software Setup утилитасын драйверлерді немесе зақымдалған не жүйеден жойылған кейбір
бағдарламалық құралдарды қайта орнату үшін қолдануға болады.
1. Бастау экранында HP Software Setup (НР бағдарламалық құралын орнату) деп жазыңыз.
2. HP Software Setup утилитасын ашыңыз.
3. Драйверлерді қайта орнату немесе бағдарлама таңдау үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 77