User Guide - Windows 8.1

Table Of Contents
а Компьютерді сапарға алып шығу
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына
кеңестерді орындаңыз:
Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау:
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз.
Барлық дискілерді және жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды
шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютерге, дискіге зақым келу немесе ақпараттардың жоғалу қаупін азайту
үшін, оны диск орнынан шығарып алмас бұрын және дискімен тасымалдау, сақтау немесе
сапарға шығу алдында, медианы диск жетегінен алып тастаңыз.
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
Компьютерді сөндіріңіз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді компьютерден
бөлек ұстаңыз.
Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында
болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған әуежайлардағы конвейерлік жолдар және
соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сәулелерін қолданады да,
дискілерге зиян келтірмейді.
Әуе сапары кезінде компьютер қолдануға рұқсат беру әуе компаниясының құзырында. Ұшу
кезінде компьютерді қолдану үшін, алдын ала әуе компаниясынан рұқсат алыңыз.
Егер компьютер қолданылмайтын болса және сыртқы қуатқа 2 аптадан артық жалғанбайтын
болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
Егер компьютерді немесе дискіні тасымалдайтын болсаңыз, тиісті қорғаныш орамы мен "FRAGILE"
ез сынғыш) деген ескертпесі бар жапсырманы қолданыңыз.
Егер компьютерде, мысалы, 802.11b/g, GSM (ұялы байланыстың ғаламдық жүйесі), немесе GPRS
(деректерді пакеттеп тасымалдау) құрылғысы сияқты сымсыз құрылғы немесе ұялы телефон
орнатылған болса, бұл құрылғылардың кейбір орталарда тыйым салынатындығын ескеріңіз.
Ұшақтарда, ауруханаларда, жарылғыш заттардың жанында және қауіпті орталарда осындай
шектеулер болуы мүмкін. Егер белгілі бір құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты
білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз.
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
Өзіңіз баратын әр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз.
Компьютерді қолдануды жоспарлайтын әрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша
қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік және қосу параметрлері әртүрлі болуы
мүмкін.
89