User's Guide
Table Of Contents
- Қосылғанда жанатын шам
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Сымсыз желіге қосылу
- Сымды желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Мобильді құрылғыға қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
- Экранда шарлау
- Қуат басқару
- Ұйқы немесе күту күйін пайдалану
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Қуат белгішесін және Қуат параметрлерін пайдалану
- Батареяның қуатымен жұмыс істеу
- Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу
- Компьютерге техникалық қызмет көрсету
- Компьютер мен ақпаратты қорғау
- Құпиясөздерді пайдалану
- Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану
- Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
- HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Сымсыз желіні қорғау
- Бағдарламалық құрал қолданбаларының және мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
- Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
- Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Қолжетімділік
- Индекс

Сол жақ
Бөлік Сипаттама
(1) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз
қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
(2) USB 3.х SuperSpeed порттары (2) Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
(3) Аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс
(микрофон) біріккен ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка НР
(НР анықтамасы және қолдау), одан кейін
Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(4) Жад картасын оқу құралы (тек таңдаулы
өнімдерде)
Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық
отырғанша үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
▲ Картаны басып, оны жад картасын оқу құрылғысынан
алып тастаңыз.
8 2-тарау Компьютермен танысу