User's Guide

Table Of Contents
Бөлік Сипаттама
(1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты
көрсетіледі.
(2) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылған кезде белгілі бір
функцияларды орындайды.
(3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пускастау)
мәзірі жабылады.
(4) Әрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы құрылғылар үлгілерінде fn+f5 әрекет
пернесі арқылы пернетақта жарықтандырғышы өшіріледі
немесе қосылады.
(5) Num Lk пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын және
сандар функциясын ауыстырады.
(6) Кірістірілген сандық пернетақта Әріптік пернетақтаның оң жағында орналасқан бөлек
пернетақта. num lk пернесі басылған кезде, пернетақтаны
сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады.
Әрекет пернелері
Әрекет пернесі пернесінде белгішемен көрсетілетін функцияны орындайды. Өнімдегі пернелерді
анықтау үшін Арнайы пернелер (16-бет) бөлімін қараңыз.
Әрекет пернесін пайдалану үшін оны басып ұстап тұрыңыз.
Белгіше Сипаттама
“Windows 10 жүйесінде анықтама алу әдісі” веб-бетін ашады.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор
компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен
монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Пернетақта аумағы 17