User's Guide
Жоғарғы жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Ішкі микрофондар Дыбыс жазу.
(2) Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу
үшін түймешікті басыңыз.
● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту
күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда
сақталмаған ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатып, өшіру
процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру үшін
қуат түймешігін кем дегенде 5 секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат
опцияларынан қараңыз:
▲ Питание (Қуат) белгішесін тінтуірдің оң
жақ түймешігімен басып, Электропитание (Қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
(3) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы.
● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып
табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған.
Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес
құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді.
● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын
қуатты үнемдеу күйі.
8 2-тарау Бөліктер










