User's Guide

Белгіше Сипаттама
Басқа адамдардың жан-жақтан көруіне жол бермейді. Егер қажет болса, жарығы аз немесе қараңғы
орталардың жарықтығын азайтыңыз немесе көбейтіңіз. Құпиялылық экранын өшіру үшін, пернені
қайта басыңыз (тек таңдаулы өнімдер).
ЕСКЕРТПЕ: Ең жоғары құпиялылық параметрін тез қосу үшін fn+p пернелерін басыңыз.
– немесе –
Егер пернетақта (тек таңдаулы өнімдерде) бекітілмеген болса, SureView қолданбасын іске қосу үшін
дыбыс деңгейін реттеу түймешіктерінің екеуін де басыңыз.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Микрофонды үнсіздендіреді.
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге жалғанған болса, пернені қайта-қайта басу компьютер мен мониторда бір
уақытта көрсету үшін экран кескінін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырады.
Бизнеске арналған Skype бағдарламасының күнтізбесін жылдам ашуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін бизнеске арналған Skype® бағдарламасы немесе Lync®
2013 клиенті Microsoft Exchange немесе Oice 365® серверлерінде орнатылған болуы тиіс.
Экранды бөлісу мүмкіндігін қосады немесе өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін бизнеске арналған Skype бағдарламасы немесе Lync®
2013 клиенті Microsoft Exchange немесе Oice 365 серверлерінде орнатылған болуы тиіс.
16 2-тарау Бөліктер